-4.1 C
Алматы
Вторник, 26 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Зейнеткер қасақана екі қызметкерді өлтірмекші болды

    Ресейде қарияға бұзақылық ниетпен екі адамды өлтірмек болды деген айып тағылып жатыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

    70 жастағы зейнеткер тұрғын үйде ілініп тұрған өнеркәсіп альпинистерінің арқанын кесіп жіберді, деп хабарлады Ресей Федерациясының Перьм өлкесіндегі тергеу комитетінің тергеу басқармасы.  

    Қарияға бұзақылық ниетпен екі адамды өлтірмек болды деген айып тағылып жатыр.

    13 тамызда Перьм қаласында 28 және 30 жастағы екі альпинист көп қабатты үйдің тоғызыншы қабатында жұмыс істеген. Олардың келгені тұрғындардың біріне ұнамай қалған. Масаңдау зейнеткер жұмысты тоқтатуды талап етеді. Жұмысшылар одан бас тартқан. Бұған қатты ашуланған тұрғын шатырға шығып, кек алу үшін жігіттерді ұстап тұрған арқанды кесіп жібереді.

    Бір жұмысшы құлап кетіп, қауіпсіздік арқанына ілініп қалады. Екіншісі шатырға көтеріліп, зейнеткердің арқан мен қауіпсіздік сымарқандарын толық кесіп тастауына кедергі келтірген. Сосын әріптесін шатырға көтеріп алған.

    «Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды, бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселе шешіліп жатыр. Қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, дәлелдерді жинауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», — делінген ресми хабарламада.  

    қатысты посттар

    Шетелдіктерге жалға берілген жерлер 2025 жылға дейін мемлекетке кері қайтарылады

    Фариза

    «Сөзіңе жауап бересің» — Әкім блогерге жазған жауабын түсіндірді

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова сауда дүкендеріндегі азық-түлік бағалары мен санитарлық нормалардың сақталуын тексерді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.