23 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Зейнетақы жинағын алу: елімізде жеткілікті деңгей екі есе көбейді

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ баспана сатып алу үшін зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегін ұлғайтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Қор мұны минималды жеткіліктілік шегін анықтау әдісімен түсіндірді.

    Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері әрбір жас ерекшеліктері үшін есептеледі және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді.

    «Бұл ретте Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы (ЕТЖ), ең төменгі зейнетақы (ЕТЗ), ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты ТЖШ мөлшерін есептеу жыл сайын аталған көрсеткіштердің өсуін ескере отырып жүргізіледі.

    2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер көлемі ұлғайғандықтан (атап айтқанда, ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін көтерілсе, 2022 жылға ТЖШ шамасы да өсті», – деп хабарлады БЖЗҚ.

    Қазір жеткіліктілік шек 1,7 млн теңгені құрайды. Ал 2022 жылы ол 3,1 млн теңгеге дейін артады, яғни 1,8 есе артады.

    «Азаматтардың пайдалануы үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары тек міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ғана емес, сондай-ақ, оларды инвестициялаудан алынған инвестициялық табысты да қамтиды. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңында: «зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегі – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері» деп айқындалған», – делінген хабарламада.

    Жас ерекшеліктеріТЖШ, теңгемен
    20         3 140 000  
    21         3 250 000  
    22         3 370 000  
    23         3 490 000  
    24         3 610 000  
    25         3 730 000  
    26         3 860 000  
    27         3 980 000  
    28         4 110 000  
    29         4 240 000  
    30         4 370 000  
    31         4 510 000  
    32         4 640 000  
    33         4 780 000  
    34         4 920 000  
    35         5 060 000  
    36         5 200 000  
    37         5 350 000  
    38         5 490 000  
    39         5 640 000  
    40         5 790 000  
    41         5 950 000  
    42         6 100 000  
    43         6 260 000  
    44         6 420 000  
    45         6 580 000  
    46         6 750 000  
    47         6 920 000  
    48         7 090 000  
    49         7 260 000  
    50         7 430 000  
    51         7 610 000  
    52         7 790 000  
    53         7 970 000  
    54         8 150 000  
    55         8 340 000  
    56         8 530 000  
    57         8 720 000  
    58         8 920 000  
    59         9 120 000  
    60         9 120 000  
    61         9 120 000  
    62         9 120 000  

    қатысты посттар

    «Тауық пен сиырдың айырмашылығын білмейді» – Нұрлан Нығматулин Экология министріне ауылға баруға кеңес берді

    Фариза

    Қызылордаға қажетті көмірдің тең жартысы жеткізілді

    Фариза

    Қосымша бес мың гранттың иегері болу үшін қанша бал жинау керек?

    Пікір қалдыру

    4 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.