13 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    “Дабылдың “қызыл” деңгейін жариялады”. Қытайда супертайфун орын алды (видео)

    Табиғаттың тосын мінезінен 18 адам көз жұмды, тағы 14-і із-түссіз жоғалып кеткен деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

    Қытай билігі елдің шығысына жеткен “Лекима” супертайфунына байланысты бір миллионнан астам адамды эвакуациялады.

    Супертайфун жергілікті уақытпен 10 тамыз сағат 01:45-те Чжэцзян провинциясының Вэньлин қалалық уезінің жағалауына жетті. Желдің ең қатты екпіні секундына 52 метрге дейін барған.

    Қытайдың метеорологиялық қызметі жұма күні таңертең дабылдың “қызыл” деңгейін жариялады.

    Қазіргі таңда Чжэцзян провинциясында 700-ден аса адам эвакуацияланды. Провинцияда кеме қатынасы уақытша тоқтатылған, 288 әуе рейсі кейінге қалдырылды, пойыздар да қозғалысын тоқтатты. Жергілікті халыққа мыңға жуық құтқарушы көмектесіп жатыр, бұдан бөлек 150 өрт сөндіру көлігі мен 153 құтқару қайығы тартылды.

    Бүгін таңертең Шанхайда 253 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қалада рельс көлігінің қозғалысы тоқтатылған.

    “Лекима” жойқын тайфунынан қаза тапқандар саны 18 адамға жетті. Тағы он төрті із-түссіз жоғалғандар қатарында”, – деп хабарлады Қытайдың орталық телеарнасы.

    “Лекима” супертайфуны сағатына 15 шақырым жылдамдықпен елдің солтүстік-батысына ығысады деп болжануда.

    қатысты посттар

    COVID-19: Қызылордада шектеу шаралары күшейтілді

    Фариза

    Аяусыз соққыға жығылған Бурабайдың экс-әкімі қайтыс болды

    Фариза

    Арал ауданы: 16 бағдарлама, 604 жұмыс орны, 40 отбасыға жаңа пәтер

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.