9 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021»: Қазалыда 42 жоба іске асырылып жатыр

    Биыл Қызылорда облысының Қазалы ауданында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында құны 3 млрд 11 млн 89 мың теңге болатын 42 жоба іске асырылып жатыр.

    Оның ішінде аудандағы білім ошақтарының ғимараттарын жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Атап айтар болсақ, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 9 жоба қарастырылған.

    Қазіргі таңда Әйтеке би кентіндегі №226 мектеп-гимназия мен Қазалы қаласындағы «Шағала» лагерінде құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр.

    Аудан орталығындағы Б.Мергенбаев атындағы №226 гимназия ғимараты 1967 жылы пансионат болып салынған. Мектеп ретінде бейімделген 1996 жылдан бері ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

    «Жол картасы» аясында бөлінген қаржыға «Энергомера» ЖШС ғимараттың есігі мен терезесі, шатыры, жылу жүйесі мен электр желісі толығымен ауыстырып, өрт дабылы қондырғысын орнатты. Ішкі қабырғаларының сылағы да толық аяқталып, сыртқы қабырғаларын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Осы жұмыстардың нәтижесінде мектеп ғимараты жаңа кейіпке енуде.

    Ал, мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде «Шағала» лагерінің 2 жатын ғимараты мен асханасы жөндеуден өтуде. Атап айтар болсақ, құрылысшылар ғимараттардың есік-терезелерін, шатыр жабындысын ауыстырып, сыртқы қабырғаларын жөндейді.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы қарқынды жүзеге асуда

    Фариза

    Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамыту жөнінде арнайы бағдарлама әзірленбек

    Фариза

    Олжас Әбішев 127 млн теңге бюджет қаражат жымқырған болуы мүмкін – БАҚ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.