18 C
Алматы
Четверг, 25 апреля 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Культура и шоу-бизнес

    “Бізге ғана шамасы жетеді…” – Сәкен Майғазиев

    Сәкен Майғазиев әншілер жайлы теріс пікір жазатын тыңдармандарына ренішін жеткізді.

    Әнші өз ойын Instagram парақшасында жазды.

    “Әншілерді елдің қоры, өздерін елдің зоры санайтын жаңсақ пікірлі жандардың жазбаларын көзіміз көп шалып жүр. “Түйенің танығаны тікенек (жантақ, жапырақ)”, дегендей бәрінің түртпектейтіні әншілер. Бізге ғана шамасы жетеді. ? Қазақты қас дұшпан көрген Колчактың қаңқу сөзін қанатты сөздердің қатарына қосатындай әншілерден не қорлық көрдіңіз? Ұнамаса парақшасын оқымаңыз, концертіне бармаңыз, тойыңызға шақырмаңыз. Мәселе шешілді. ? Сіз айтып жүрген жағымпаз, қу, арамза, “фонограмщиктер” әр салада бар. Жан-жағыңызға жақсылап көз жүгіртіңізші. Өнер АЛЛАДАН беріледі. Әулетіңізден жезтаңдай, күміс көмей әнші шықса көрер ем әншілерді қарғап-сілегеніңізді. ? “Әншілер халықтың арқасында жүр” дейтіндер бар. Ия, Халық болмаса біз кімбіз?! Ал, Сіз кімнің арқасында жүрсіз? Әрине, сіз де, біз де Халықтың арқасында жүрміз. Құрылысшы салған үй құласа да әнші кінәлі, жол жарамсыз болса да әнші кінәлі, “доғыдыр” дұрыс диагноз қоймаса да әнші кінәлі. Біз үндемей жатыр екенбіз-міш. Жаман әйел ашудың (өшін) ыдыс-аяқтан алады”, дегенге саятындай. ? Парижде ән салып, әлем тамсанып тыңдаған Әміре, соғыс жылдарында жауынгерлерге рух беріп, әніммен әлдилеген Роза, ҚАЗАҚТЫҢ бұл-бұлы Бибігүл ҚАЗАҚ әнін әлемге паш етті. Әрине, біз аты аталған тұлғалардың тырнағына да татымаспыз. Иә, әннің де естісі бар, есері бар. Бірақ бүкіл ҚАЗАҚ өнеріне топырақ шашпайық. Музыка да ғылым, математика, мамандық екенін ескеріңіздер. Тілі, ділі, өнері, дәстүрі жоқ халық болмайды”, – деп жазды ол.

    Похожие записи

    Димаш вышел на сцену спустя 9 месяцев и спел новую песню Крутого

    Фариза

    Что ждет рэпера Shiza за провокацию на концерте, рассказал госсекретарь

    Фариза

    “Это приказ сверху” В Алматы отменили показ документального фильма “Преступления Сталина. Как уничтожали казахскую элиту”

    Фариза

    Оставить комментарий

    семь − пять =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.