-0.1 C
Алматы
Вторник, 19 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Шымкент

    Аймақтар

    Шымкент: «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы ашылды

    Фариза
    Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-ЖомартТоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында«Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы ашылғанболатын. Бүгінде орталыққа арнайы ғимарат бөлініп, ашылусалтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.   Наурыз айынан бастап қалалық жұмыспен қамту жәнеәлеуметтік қорғау басқармасының арнаулы әлеуметтікқызметтер көрсететін «Самғау сенім» орталығыныңжанынан «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығысекторы құрылып, қазіргі таңда халыққа өз қызметін жаңаүлгіде ұсынуда.  Орталықтың басты мақсаты — аз қамтамасыз етілгенотбасыларға және көп балалы аналарға кәсіпкерлік жөніндебағыт-бағдар беру, қысқа мерзімді курстарға жіберу, жұмысқа бейімдеу, қаржылық сауаттылығын арттыру. Сонымен қатар, психологиялық, әлеуметтік және құқықтықкеңес беру. Орталықтың жұмысы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының тәжірибесіннегізге ала отырып ұйымдастырылған.  Отбасы күніне орай ашылып отырған ғимараттыңжұмысымен танысқан Мұрат Әйтенов өз құттықтауынжеткізді. —Мемлекетіміздің ең басты мақсаты – әрбір қазақстандықотбасының әл-ауқатын жақсарту.  Бүгінгі таңдаэкономикалық өсімнің арқасында әлеуметтік төлемдердіңмөлшері көбейіп, отандық білім берудің деңгейі өсіп келеді. Қазір қаламыз да күннен күнге көркейіп келеді. Демографиялық көрсеткішіміз артып, тұрғындардың саны  1 миллионнан асты. Күн сайын қаламызда шамамен                       70-80 сәби дүниеге келеді. Мереке қарсаңындаорталыққа арнайы ғимарат беріліп отыр. Мұнда әкімдіккеқарасты басқармалардың мамандары  сұранысқа сәйкескесте бойынша азаматтарға кеңес береді, — деді МұратДүйсенбекұлы.  Айта өтсек, Шымкент қаласында көпбалалы 38...
    Аймақтар

    Шымкентте ауылшаруашылығы жәрмеңкесі қайта жанданды

    Фариза
    Шымкенттегі эпидахуалдың тұрақтала бастауынабайланысты қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасымен«Қажымұқан» атындағы орталық стадиондаАУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ қайта ашылды. Аталған жәрмеңкені ұйымдастырудың негізгі мақсаты — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасынтұрақтандыру, халықты тиімді бағадағы қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету және делдалдық қызметті шектеуболып табылады. Шымкент қаласының ауылшаруашылық және ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен жәрмеңкеге жалпы 200-ден астам қала кәсіпкерлері және Түркістан облысының Төле би, Түлкібас, Сайрам, Ордабасы аудандарының тауарөндірушілері қатысты. Жәрмеңке барысында ауылшаруашылығы өнімінөндірушілер қала тұрғындары мен қала қонақтарына ет, сүтөнімдерімен қатар, картоп, көкөніс, жеміс-жидек пен қауын-қарбыз, болгар бұрышы, қызанақ, қияр мен жеміс шырыныннарық  бағасынан 10-15 пайызға төмен ұсынды. Айта кетейік, жәрмеңке барысында карантин талаптарықатаң сақталып, дезинфекциялық өткелдерорналастырылып,  төтенше жағдай, жедел жәрдем, өртсөндіру қызметтері жұмылдырылды. Алдағы уақытта ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өзжалғасын табатын болады. Г. ҚАПАЛ...
    Аймақтар

    Шымкентте дератизация жұмыстары жүргізіліп жатыр

    Фариза
    Шымкент қаласы аумағында кеміргіштерге  қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды. Маусымдықкезеңге орай жұмыстар 22 қыркүйекке дейін жалғасады.  Дератизация жұмыстары көп қабатты тұрғын үйлердіңқоқыс контейнерлеріне, өзен, каналдар аумағына жәнеқоқыс полигонына жергілікті бюджет есебінен тегінжүргізілетін болады. Атап айтқанда, күзгі кезеңдегіжоспарға сәйкес  залалсыздандыру жұмыстарын 467 қоқысжәшігіне,  16 621 шаршы метр қоқыс алаңшасына,   5 416 570 шаршы метр өзен-канал аумағына және  290 000 шаршыметр  қоқыс полигондарына  жүргізу жоспарланған.  Қазіргі таңда 4 аудан бойынша 410 қоқыс жәшігіне, 15 055 шаршы метр қоқыс алаңшасына,  2  каналға (Жаңа шекжәне Жаңабай ) жалпы аумағы 891 000 шаршы метргезалалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында жоспарғасәйкес кеміргіштерге қарсы дератизация жұмыстарын«ALСorparation» ЖШС-нің мамандары жүргізіп жатыр. Ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасыныңмамандары — тұрғындар назарына кеміргіштерге қарсықойылған  арнайы қармақжемдерді  бүлдіршіндердіңұстамауын және үй жануарларының жеп қоюдан абай болу керектігін ескертеді. Г. ҚАПАЛ...
    Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Ылғалды майлықтар өндіретін фабрика іске қосылды

    Фариза
    Бүгін Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайыэкономикалық аймағында «DALSAN» компаниясыныңылғалды майлықтар өндіретін фабрикасы іске қосылды. Кәсіпорынның онлайн режимде өткен ашылу салтанатынаҚазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісіАбзал Сапарбекұлы, ҚР Сыртқы істер министрініңорынбасары Алмас Айдаров, «KazakhInvest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев,  «Dalsan(ДАЛСАН)» ЖШС-нің құрылтайшысы Дал Халил жәнеШымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов  қатысып, құттықтау сөздерін арнады. Жаңа фабрика толығымен түрік инвесторларыныңқаржысына салынған. Мұнда әзірге 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал, кәсіпорын толық қуатымен жұмыс істей бастаған кезде 45 адам еңбек ететін болады. —​Шымкентте өнеркәсіптің дамуына барынша қолайлыжағдай жасалуда. Қазір 2 индустриалды, 1 сауда-логистикалық және бір арнайы экономикалық аймақ жұмысістеп тұр. Онда жалпы құны 270 миллиард теңгені құрайтын176 жоба жүзеге асуда. 10 мыңнан астам тұрақты жұмысорны ашылған. Күні кеше агро-индустриалды аймақтыңқұрылысы басталды. Сондай-ақ, «Жұлдыз» индустриалдыаймағын ашу да жоспарланып отыр, — деді МұратДүйсенбекұлы. Қала әкімі іске қосылып отырған фабрика қазақ-түрік сауда-экономикалық байланыстарын нығайту жолындағы кезектіқадам екенін айтып өтті. Жаңадан ашылған фабрика «Eli» маркалы ылғалдымайлықтың жылына 300 мың қаптамасын өндіре алады. Бұлтауарлар барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Компания өз өнімін ішкі нарыққа сатуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, «Dalsan» компаниясы ашқан бұл фабрика «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында түрікинвесторларының қаржыландыруымен жүзеге асқан үшіншіжоба. Г....
    Рухнаният

    ШЫМКЕНТ: Абайдың 175 жылдығына орай жас абайтанушының кітабы жарық көрді

    Фариза
    Шымкент қаласында жас абайтанушы Әзімхан Исабек Абайдың 38-ші қара сөзі деп аталып келген «КИТАБ ТАСДИҚ» атты кітабын жарыққа шығарды. Ол өзініңтуындысын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнапотыр.  Әзімхан Исабек 1996 жылы шым шаһарда дүниеге келген.   Жас ғалым, әрі зерттеуші. Абайтанушы, ғалым МекемтасМырзахметұлы және Ақжол Қалшабек секілдіпрофессорлардың шәкірті. Бүгінде ол М.Әуезов атындағыОҚМУ-да ашылған «Мұхтартану» ғылыми орталығындағылыми маман болып  жұмыс жасайды.  -​Абай шығармаларының әлі де ашылмаған қырларыбар. Болашақта Мұхтар Әуезовтің өзі айтқандай аша алмайкеткен қыры мен сырын ашқым келеді. Мәселен, Абайдыңбүкіл шығармаларын Мүрсейіт Бікіұлы есімді қолжазбагеркөшірген. Алматы қаласындағы Әуезовтің жеке архивіндесақталған сол қолжазбаны қолға түсіріп біз қазақәдебиетінде Абайдың «Китаб тасдиқ» туындысыныңтранскрипциясын жасап шықтық. Бұл шығарма — бүкіл түркіхалқына ортақ шығарма, еңбек қазақ әдебиетінде тұңғышрет жасалып отыр. Дәл осы Абайдың бір ғанашығармасынан 400-ге жуық араб-парсы түрік тілдерінентұратын сөздігін жасап шықтық. Ендігі мақсат кітаптышғарып, оқырмандарға ұсыну болып тұр, — дейді Әзімхан.  Сонымен қатар, Әзімхан жақында өткен «Әуезов оқулары – 17: әлемдік кеңістіктегі ғылым мен руханияттың жаңасерпілістері» атты Халықаралық конференциясында«Мекемтас Мырзахметұлы және Мұхтартану мәселелері» тақырыптарында баяндама жасады. «Жаңа жаһандықахуалда Қазақстанның дамуындағы жастардың үлесі» аттыреспубликалық ғылыми конференциясында 1-орынмен және2017 жылы «Алаш» қозғалысының құрылғанына 100 жылтолуына орай өткізілген «Азаттықты аңсаған – арыстарымардақты!» атты шығармашылық байқауында 1-орынды иеленген.  Одан өзге өз зерттеулерін «Мағжанның бір кем дүниесі», «Бауыржанның батасы», «Түнгі ғибадат», «Өмірдің өзіненөрілген жыр», «Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда», «Абай неге ұлы?» сынды мақалаларында ұсынып жүр. Г. ҚАПАЛ...
    Аймақтар

    Шымкент: Қаратау ауданында 65 қоқыс алаңшасы жаңартылады

    Фариза
    Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің міндетін атқарушысы Азамат Парманов мәлімдеді. – Аудан аумағындағы 416 көпқабатты тұрғын үй аумағында...
    Аймақтар

    Мұрат Әйтенов: Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

    Фариза
    Бүгін қала әкімі, Нұр Отан партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет онлайн режимде қабылдады. Онлайн-қабылдауға жазылған қала тұрғыны...
    Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: 30 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫННЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ШЫҒЫНЫ ӨТЕЛЕДІ

    Фариза
    Шымкент қаласында төтенше жағдай кезеңінде халықтыңкоммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеу туралы  28 236 азаматтың өтінімі мақұлданған. Осы мақсатта арнайыCall-орталығы ашылған болатын. Тұрғын үй және тұрғын үйинспекциясы басқармасы мамандарының айтуынша,  аталған орталыққа 35 мыңға жуық адам  қоңырау шалып, ақпараттық кеңес алған. Төтенше жағдай кезеңінде халықтың коммуналдыққызметтерінің шығындарын өтеп беру қызметіне сәйкесмамыр-маусым айындағы жоспарланған 527 миллион теңгетолығымен игеріліп, 17 566 тұрғынның дербесесепшоттарына аударылған. Бұл бөлінген қаражаттаразаматтарға коммуналды қызмет беруші мекеме тарапынанберілген түбіртектерде маусым-шілде айларында көрінедіекен.  Сондай-ақ, қыркүйек айының соңына дейін 10 670 абонент бойынша коммуналдық қызмет көрсететін мекемелерге320,1 миллион тенге аударылады. Коммуналдық мекеме қызметкерлері аударылған төлемдердіабоненттердің дербес шотына жеке-жеке жіберетінболғандықтан, түбіртектегі ақпараттар жеке шоттарда есептелгеннен кейін ғана көрінетін болады.  Айта кетейік, биыл 21 сәуір — 25 маусым аралығындаcommunal-komek.kz ақпараттық жүйесіне 34 171 өтінішкеліп түскен. Оның ішінде 1,2,3 топтағы мүгедектер – 10 858; ҰОС мегедектері мен қатысушылары – 800; мүгедекбалаларды тәрбиелеуші отбасылар – 1680; көпбалалыотбасылар – 12080; ең төменгі және аз зейнетақы алатын, жалғызбасты зейнеткерлер – 4842; мемлекеттік немесеқоғамдық міндеттерді, құқық тәртібін қорғау, әскериқызметін орындау кезінде қайтыс болған адамдардыңотбасылары – 83, атаулы әлеуметтік көмек алатындар –...
    Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Абай ауданындағы қоқыс алаңшаларын дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда

    Фариза
    Шымкент қаласының барлық аудан аумағындағы көпқабатты үй аулаларында қоқыс жәшіктері кестеге сәйкестазаланады. Бүгінде бұл жұмыстар бір жүйеге түскен.  Сондай-ақ, қоқыс алаңшаларын абаттандыру, залалсыздандыру жұмыстары да назардан тыс қалған емес.  Абай ауданы аумағындағы қоқыс алаңшаларында тұрақтыдезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімдігі ендігікезекте қала тұрғындарын тазалықты сақтауға шақырады.  Г.  ҚАПАЛ...
    Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: №2 қалалық аурухана базасынан инсульт орталығы ашылады

    Фариза
    Бүгінгі таңда Шымкенттегі №2 қалалық ауруханада күрделіжөндеу жұмыстары жүріп жатыр.  Атап айтқанда, аурухана ғимаратының корпустарын бөлшектеу, үй-жайларды(кабинет) алғашқы өңдеу, инженерлік коммуникациялардықайта жүргізу және өзде де жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме — «Югстройсервис-Н» ЖШС.  Күрделі жөндеуден кейін аурухана базасынан қосымшаинсульт орталығы  мен нейрожарақат бөлімшесі ашыладыдеп жоспарланып отыр. Осыған сәйкес керектімедициналық құрал-жабдықтар мен магнитті-резонанстытомография (МРТ), компьютерлік томография (КТ) жәнеангиографиялық қондырғы орнату қарастырылу үстінде. №2 қалалық ауруханада — қаладағы жалғыз толыққандыкөпсалалы аурухана болып табылады. Мұнда  соңғы реткүрделі жөндеу жұмысы 1975 жылы жасалған. Ауруханада 120 төсек-орынды босану бөлімі бар. Бөлімде жылына жетімың әйел босанады. Ал  емхана бөлімшесіндегі мамандар50 мыңнан аса адамға көмек көрсетеді. Одан бөлек, Соvid-19  инфекциясы өршіген тұста 260 төсек-орынды провизорлық стационар  жұмыс жасаған.  Стационарға 1 788  науқас келіп түскен. Қазіргі таңдаэпидемиологиялық жағдай тұрақталуына байланыстыпровизорлық стационардағы 120 төсек-орын уақытшажабылып, штаттық режимге көшкен. Ал 140  төсек-орындыпровизорлық стационар өз жұмысын әлі де жалғастыруда. Г. ҚАПАЛ...