8 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте ауылшаруашылығы жәрмеңкесі қайта жанданды

    Шымкенттегі эпидахуалдың тұрақтала бастауынабайланысты қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасымен«Қажымұқан» атындағы орталық стадиондаАУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ қайта ашылды.

    Аталған жәрмеңкені ұйымдастырудың негізгі мақсаты – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасынтұрақтандыру, халықты тиімді бағадағы қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету және делдалдық қызметті шектеуболып табылады.

    Шымкент қаласының ауылшаруашылық және ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен жәрмеңкеге жалпы 200-ден астам қала кәсіпкерлері және Түркістан облысының Төле би, Түлкібас, Сайрам, Ордабасы аудандарының тауарөндірушілері қатысты.

    Жәрмеңке барысында ауылшаруашылығы өнімінөндірушілер қала тұрғындары мен қала қонақтарына ет, сүтөнімдерімен қатар, картоп, көкөніс, жеміс-жидек пен қауын-қарбыз, болгар бұрышы, қызанақ, қияр мен жеміс шырыныннарық  бағасынан 10-15 пайызға төмен ұсынды.

    Айта кетейік, жәрмеңке барысында карантин талаптарықатаң сақталып, дезинфекциялық өткелдерорналастырылып,  төтенше жағдай, жедел жәрдем, өртсөндіру қызметтері жұмылдырылды.

    Алдағы уақытта ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өзжалғасын табатын болады.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент қаласына пневмония мен COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ ОСЫ ЖЫЛЫ 104 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

    Фариза

    Қызылорда облысында тұрақты табысынан айырылған 10 мың адам жұмыспен қамтылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.