17 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы ашылды

    Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-ЖомартТоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында«Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы ашылғанболатын. Бүгінде орталыққа арнайы ғимарат бөлініп, ашылусалтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.  

    Наурыз айынан бастап қалалық жұмыспен қамту жәнеәлеуметтік қорғау басқармасының арнаулы әлеуметтікқызметтер көрсететін «Самғау сенім» орталығыныңжанынан «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығысекторы құрылып, қазіргі таңда халыққа өз қызметін жаңаүлгіде ұсынуда. 

    Орталықтың басты мақсаты – аз қамтамасыз етілгенотбасыларға және көп балалы аналарға кәсіпкерлік жөніндебағыт-бағдар беру, қысқа мерзімді курстарға жіберу, жұмысқа бейімдеу, қаржылық сауаттылығын арттыру. Сонымен қатар, психологиялық, әлеуметтік және құқықтықкеңес беру.

    Орталықтың жұмысы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының тәжірибесіннегізге ала отырып ұйымдастырылған. 

    Отбасы күніне орай ашылып отырған ғимараттыңжұмысымен танысқан Мұрат Әйтенов өз құттықтауынжеткізді.

    —Мемлекетіміздің ең басты мақсаты – әрбір қазақстандықотбасының әл-ауқатын жақсарту.  Бүгінгі таңдаэкономикалық өсімнің арқасында әлеуметтік төлемдердіңмөлшері көбейіп, отандық білім берудің деңгейі өсіп келеді. Қазір қаламыз да күннен күнге көркейіп келеді. Демографиялық көрсеткішіміз артып, тұрғындардың саны  1 миллионнан асты. Күн сайын қаламызда шамамен                       70-80 сәби дүниеге келеді. Мереке қарсаңындаорталыққа арнайы ғимарат беріліп отыр. Мұнда әкімдіккеқарасты басқармалардың мамандары  сұранысқа сәйкескесте бойынша азаматтарға кеңес береді, – деді МұратДүйсенбекұлы. 

    Айта өтсек, Шымкент қаласында көпбалалы 38 148  отбасыбар. Ал атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар – 26 435 болса, оның ішінде көпбалалы отбасылар саны – 9 428.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау әрбір мекеменің міндеті

    Фариза

    «Қызылорда-Жезқазған» бағытындағы тас жолын жөндеу жұмыстары басталады

    Фариза

    Шымкентте үш провизорлық орталық уақытша жұмысын тоқтатты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.