16 C
Алматы
Сәрсенбі, 22 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте дератизация жұмыстары жүргізіліп жатыр

    Шымкент қаласы аумағында кеміргіштерге  қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды. Маусымдықкезеңге орай жұмыстар 22 қыркүйекке дейін жалғасады. 

    Дератизация жұмыстары көп қабатты тұрғын үйлердіңқоқыс контейнерлеріне, өзен, каналдар аумағына жәнеқоқыс полигонына жергілікті бюджет есебінен тегінжүргізілетін болады. Атап айтқанда, күзгі кезеңдегіжоспарға сәйкес  залалсыздандыру жұмыстарын 467 қоқысжәшігіне,  16 621 шаршы метр қоқыс алаңшасына,   5 416 570 шаршы метр өзен-канал аумағына және  290 000 шаршыметр  қоқыс полигондарына  жүргізу жоспарланған. 

    Қазіргі таңда 4 аудан бойынша 410 қоқыс жәшігіне, 15 055 шаршы метр қоқыс алаңшасына,  2  каналға (Жаңа шекжәне Жаңабай ) жалпы аумағы 891 000 шаршы метргезалалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

    Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында жоспарғасәйкес кеміргіштерге қарсы дератизация жұмыстарын«ALСorparation» ЖШС-нің мамандары жүргізіп жатыр.

    Ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасыныңмамандары – тұрғындар назарына кеміргіштерге қарсықойылған  арнайы қармақжемдерді  бүлдіршіндердіңұстамауын және үй жануарларының жеп қоюдан абай болу керектігін ескертеді.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте қоғамдық көліктерді залалсыздандыруға бригадалар жұмылдырылуда

    Фариза

    Шымкентте ауылшаруашылығы жәрмеңкесі қайта жанданды

    Фариза

    Тараздағы «Анаға тағзым» орталығының құрылысы аяқталуға жақын

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.