5 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Бердібек Сапарбаев вакцинациялау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен  коронавирустың алдын алу жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті.

    Жиында баяндама жасаған облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтың  айтуынша, қазіргі таңда Тараз қаласы мен Талас, Шу, Қордай аудандары «қызыл» аймақта тұрса, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Сарысу, Т.Рысқұлов, Байзақ және Мойынқұм аудандары «жасыл» аймақта.

    Бекітілген жоспарға сәйкес, ағымдағы жағдай бойынша облыстағы ауруханаларда 3 584 инфекциялық төсек қоры, оның ішінде 416 реанимациялық төсек қоры, оған қоса 170 төсек орынға арналған карантиндік стационарлар жұмыс атқаруда. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, инфекциялық стационарларда 2265, реанимацияда 183 науқас ем қабылдауда.

    Облыс бойынша жыл басында 582 мың адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияланады деп жоспарланған. Қазіргі таңда жалпы 318 331 адам екпе алып, жоспар 54,7 пайызға орындалып отыр. Сондай-ақ, басқарма басшысы қажетті дәрі-дәрмектің жеткілікті екенін айтты.

    «Бәрі ойдағыдай болса, біз неге республикалық көрсеткіш бойынша 12-13 орындарда тұрмыз? Мынау көрші Түркістан облысында вакцина алудың бірінші компоненті 71,2 және екінші компоненті 57,7 пайызға орындалған. Ал біздің мұндай көрсеткішке жетуімізге не кедергі?» – деп сұрады облыс әкімі.

    Басқарма басшысы «қызыл» аймақтағы Тараз қаласы мен аудандармен жұмысты күшейтіп жатқандарын айтып ақталды.

    Штаб отырысына онлайн қосылған Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев шаһар бойынша ауруханаға түсушілер саны осы аптада азая бастағанын, оның бір себебі ретінде мейрамханалардағы қаптаған тойлардың тоқтатылуын алға тартты. Қала басшысы әр жоғары оқу орындары мен колледждерге медицина мамандары арнайы барып, студенттерге вакцина салу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін жеткізді.

     «Тараз қаласының №6 округінде вакциналау көрсеткіші 44, ал №10 округте 53 пайызға орындалған. Бұл округ инспекторларының жұмысының  алуандығын көрсетеді. Шу ауданында 19 ауылдық округтің 10-ы және Шу қаласы «қызыл» аймақта. Шу қаласының көптеген мейрамханаларында жасырын той тоқтай қойған жоқ. Аурушаңдық соның салдарынан артып отыр»,- деді Бердібек Сапарбаев.

    Одан әрі облыс басшысы екпе бойынша көрсеткіші артта қалған бірнеше ауданның ауылдық округтері бойынша нақты фактілермен мысалдар келтірді.

    Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Алмас Мадиев екпе алдырған тұрғындардың ауырмағанын, ауырса да жеңіл өтіп жатқанын, ал жансақтау бөлімінде жатқан науқастардың барлығы екпе алмағандар екенін ашық айтты.

      «Адамдардың өмірі бәрінен қымбат. Барлық аудан әкімдігінің өкілдері ауылдық округтерге шығып, екпе бойынша түсіндіру жұмыстарын арттыра түсулері қажет. Ауданның ақсақалдарын, беделді азаматтарын бұл іске жұмылдырғандары жөн. Түсіндіру жұмыстары нашар жерде, екпе де нашар жүріп жатыр. Бұлай болмайды. Жаңа оқу жылы басталуға жақын. Білім басқармасы барлық мектептердің қауіпсіздігін, «Ашық» бағдарламасының енгізілуін, оқушылардың алаңсыз білім алуына жағдай туғызуды қатаң бақылауға алсын»,- деді аймақ басшысы.

    Жиынды қорытындылаған облыс әкімі жауапты тұлғаларға оттегінің және қажетті дәрі-дәрмектің жеткілікті болуын қамтамасыз етуді, ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін вакцина жұмыстарын жеделдетуді, қоғамдық орындарда дезинфекция шараларын жандандыруды жүктеді.

    қатысты посттар

    Жамбылда апта сайын шөп жәрмеңкесі өтуде

    Фариза

    ШҚО-ның жастары Арыс қаласына гуманитарлық көмек жинауда белсенділік көрсетуде

    БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.