9 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылдағы 26 ауылішілік және 5 аудандық жол жөнделуде

    Жамбыл ауданынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан Сеңгірбай ауылының жолы тегістеліп, жол жабындысы төселді. Шалғай ауылға арнайы барған аудан әкімі Сәкен Арубаев 3,5 шақырымға төселген асфальттың сапасын көріп, ауылдың байырғы азаматы Ерғазы Алжановпен жолықты.

    Ауыл азаматтарының көптен бергі сұранысын жеткізіп, кездесулерде жол мәселесін көтеріп жүрген тұрғын өңір басшысына алғысын білдірді.

    «Бүгінгі ауылдықтардың қуанышында шек жоқ. Ауылға 40 жылдан кейін асфальт төселіп отыр. Таныстарымыз «айдалаға отау тіктеген ауылда асфальт қайдан болсын» деп үмітімізге күмәнмен қараушы еді. Өткен жолы бір топ техника келіп, жолдың қарекетіне кіріскенде, телефонға түсіріп алып жібердім. Енді жұртшылық көліктерін жаңа маркаға айырбастауды ойлап жүр. Алдыңызға осы жағдайды көтеріп барғанда ағымдағы жылы шешімін табуға күш салатыныңызды жеткізіп, бүгінде сол уәдеңіздің орындалғанына ризашылығымды білдіремін», – дейді ауыл жанашыры.

    Өз кезегінде сөз алған Сәкен Қаланұлы бұл жұмыстар ел игілігі жолында жасалып жатқанын, жұртшылықтың қуанышына ортақ екенін айтты.

    Жалпы өңірдегі жол жөндеу жұмыстары туралы аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Елдос Кеңесбековтың айтуынша, биыл 10 ауылдың 26 ауылішілік көшелері және аудандық мәндегі 5 жолға асфальт төселеді.

    Сондай-ақ, аудан әкімі Бектөбе ауылындағы Амангелді Иманов орта мектебінің де құрылыс жұмысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын «Invest Kapatal Stroy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген.

    Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының аудандық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова мектептің шатыры, ішкі әрлеу, еден, жылу, кәріз, электр жүйелерін және сыртқы келбетіне ретке келтірілгенін тілге тиек етті.

    «Жалпы 2019-2020 жылдары ауданға «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясындағы 48 жоба 1,3 млрд теңге қаралып, ауыл-аймақтың реңі кіріп қалды. Тұрғындардың алғысы да ерекше. Өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде ауданымызда ауыз толтырып айтатындай жұмыстар атқарылғанын жергілікті жұртшылық жақсы біледі.Жоба шеңберінде 2021 жылға 3 тіректі елді мекенді (Айшабибі, Полатқосшы, Өрнек) және 7 спутниктік елді мекендерді (Бектөбе, Қызылқайнар, Түрксіб, Пригородное, Гродиково, Ерназар, Тоғызтарау) қаржыландыру үшін 16 жобаға 883 млн 503 мың теңге бөлініп отыр. Оның ішінде Өрнек ауылында 202 млн теңгеге 140 орынды өнер ордасының құрылысы басталды. Ағымды шығындар бойынша 15 жоба жүзеге асады», — деді аудан әкімі Сәкен Қаланұлы.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Жаңақорған ауданындағы 30-ға жуық елді мекенге су жүйесі тартылады

    Фариза

    «Рахат-Шымкент» фабрикасы жаңа желісін іске қосты

    Фариза

    Жамбыл облысының азық-түлік бағасын реттеу тәжірибесі өзгелерге үлгі ретінде ұсынылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 + ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.