7 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Қала әкімі жылыту маусымына дайындық барысымен танысты

    Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов алдағыжылыту маусымына дайындық барысымен танысты. 

    Қалада 1 896 көп қабатты үй бар. Соның 90 проценттенастамы жылыту маусымына дайын. Қалған тұрғын үйлердеқұрылыс-монтаж жұмыстары жүруде. 

    Қала әкімі, алдымен,  әкімшілік-іскерлік орталықтағы жылуқазандығына барды. 2015 жылы іске қосылған қазандық1124 шаршы метр аумақты алып жатыр. Онда мол жылубере алатын BOSCH LOOS UT-HZ пештері орнатылған. Мұндағы отынның негізгі түрі — табиғи газ. Қазандықтыңең жоғарғы қуаттылығы — сағатына 163.5 Гкал. Олкөпқабатты 78 тұрғын үй мен 8 әкімшілік ғимаратқа жылубереді.

    Мұнан кейін қала әкімі шаһардың оңтүстік бөлігіне жылуберетін «3-Энергоорталық» акционерлік қоғамына қарастықазандыққа ат басын тіреді. Бұл компанияның иелігінде 11,7 шақырым магистралды жылу құбырлары бар. Қазірқазандықта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылыту маусымына дайындық 1 қазанға дейін толықтайаяқталады.

    Сондай-ақ, қала әкімі Сайрам тұрғын алабында орналасқанхалықты көмірмен қаматамасыз ететін базаның жұмысыменде танысты. 

    Жалпы, қалаға жылу 11 қазандық пен 1 жылу-электрстанциясынан беріледі. Айта кету керек, қазір барлық11 қазандық жөндеуден өтіп, алдағы қысқа тас-түйін дайынтұр. Ал, 17 сорғы станциясының 15-і (88%) дайын. Қалған 2 станцияда  жұмыс 25 қыркүйекке дейін аяқталады.

    Нысандардың жұмысымен танысқан Мұрат Дүйсенбекұлыжауапты азаматтарға белгіленген мерзімде тұрғындардысапалы жылу энергиясымен қамтамасыз етуді тапсырды.  

    Қалада 479 бюджеттік мекеме жұмыс істеп тұр. Оның 271-і жеке қазандықтармен жылытылса, 208-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. 

    Ф.Жандар

    қатысты посттар

    COVID-19: Шымкентте ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде

    Фариза

    Қызылорда: Қазалы ауданының тұрғыны ауласында қарағай өсіруде

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: «САЛАМАТТЫ ҰРПАҚ» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИР ӨТТІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.