11 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысында бес айда 16,4 мың жаңа жұмыс орны ашылды

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың азайғанын жеткізді. Олардың біразы жұмысқа орналасса, бірқатары өз кәсібін ашуға грантқа қол жеткізген.



    Ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 23,2 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылса, 16,4 мың жаңа жұмыс орны құрылған. Оның 7,3 мыңы – тұрақты. 426 адам жалпы 1,5 млрд теңге көлеміндегі шағын несиеге қол жеткізсе, өз кәсібін жаңа бастаған 3 мың кәсіпкер қайтарымсыз грантқа ие болған.

    Аймақтағы АӘК алушылардың саны 69 мыңнан 50 мың адамға дейін, яғни 19 мыңға дейін азайған. Облыстағы 356 ауылдық елді мекеннің 70-інің тұрғындары (барлығы 140 мың адам) АӘК алмайды.

    Бес айдың қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады. Орташа жалақы ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 144 мыңнан 176,9 мың теңгеге дейін өскен.

    Сондай-ақ, спикер облыстың 10 ауданынандағы 11 ауылдық округ қатысқан ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту бойынша пилоттық жобаның нәтижелеріне тоқталып өтті.

    Осы жобаның бес бағыты аясында 9,2 миллиард теңге игерілген. Бүгінгі таңда 944 миллион теңге несие қарызы өтелген.

    Пилоттық жоба қатысушыларымен 21 мың тонна дәнді және мал азығы дақылдары, 11,2 мың тонна көкөністер мен бақша дақылдары, 12,5 мың тонна ет және сүт өнімдері өндірілген.

    Нәтижесінде 589 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздар саны 36 пайызға дейін азайды (528-ден 334-ке дейін). Сонымен қатар, аталған ауылдық округтерде АӘК алушылар саны 1058 адамға дейін азайып, 2282 өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген.

    Пилоттық жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстар айтарлықтай оң нәтижені беруде.

    Аталған іске байланысты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыстың қалай атқарылып жатқандығына баса назар аударып, алдағы уақытта халықтың жағдайын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған жобаларды, жетілдіріп, оң нәтиже беру мақсатында ғана жұмыс жасау керек екендігін нықтап айтты.

    қатысты посттар

    ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Шымкент пен Түркістанды дамыту жобаларын тексерді

    Фариза

    Жамбылда кондитерлік бизнес қарқын алды

    Жамбыл Жабаевтың ұрпағы Таразға келді

    Пікір қалдыру

    5 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.