20 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Билік және саясат

    Өңір тынысы – сенаторлар назарында болды

    Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін тек мемлекет қолдауы жеткіліксіз, кәсіпкерлер де нарыққа бейімделуі керек. Бұл туралы парламент сенаты депутаттарының Әулиеата өңіріне сапары барысында айтылды. Аймаққа 10 күндік жұмыс сапарымен келген сенаторлар әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға барып, шаруа қожалықтары мен түрлі кәсіпорындарды да аралауда. Ал, олар кезекті мәрте шаһардағы сүт фабрикасына тұрақтап, ондағы жұмыс барысымен танысты. Бұған дейін аудан –ауылдарды шарлап келе жатқан сенаторлар сапары қала ішіндегі «Көкжиек 2030» сүт фабрикасында жалғасты. Олар алдымен қызметкерлердің жұмысына назар аударып, мекеме тынысымен танысты. Ұлттық өнімдерден дәм татып, отандық тауарға оң бағасын берді. Ал, фабрика жетекшісі болса бірінші ауыл тұрмысын жақсарту керектігін айтады. Оның сөзінше шалғайда жатқан шаруаның шырайы кіріп, жұмысы ширатылып жатса, шаһардағы зауытқа шикізат көзі көбірек келіп, жұмыс та жақсара түсер еді . Бұдан бөлек, мұнда өндірілетін сүт өнімдеріне сұраныс жоғары көрінеді. Қазірдің өзінде қосымша көршілес Ресей жеріне де экспортталуда. Мұның барлығы зауыттағы заманауи технологиялардың арқасы. Өйткені, бүгінгі жұмысты жүйелендіріп, сапаны сыртқы нарыққа сай қалыптастырып отырған осы құрылғылар. Зауыт жұмысымен жіті танысқан сенаторлар сыртқы нарықтан бөлек, ішкі нарықты да толықтай қамтамасыз ету керектігін баса айтты. Ол үшін арнайы жобалар қайта қолға алынатын болады. Ел экономикасын көтеріп, жұртшылықтың жағдайын жақсарту бағытында Сенатта бірқатар заңдар қаралуда. Маңызды құжатты жіктеп, жіліктеп, тарау-тармағын халыққа түсіндіру мақсатында Жамбыл облысына келген жоғарғы палата депутаттары осы сапарлары барысында Мойынқұм мен Шу аудандарына да барды. Халық қалаулылары алдымен Мойынқұм ауданы Айдарлы ауылындағы арпа-бидай өсіріп, ырзығын жерден терген «Бекжан» шаруа қожалығының тынысымен танысты. Диханның егіні бітік, көңілі тоқ. Өнімнің мол болатын түрі бар. Бірлік ауылындағы жүгері алқабы да жайқалып тұр. Тараз инновациялық –гуманитарлық университетінің бастамасымен ұмыт болған дақыл қайта егіліп, бүгінде бұл тірлік үмітті ақтаған. Аудандық бюджет есебінен алынған су жаңа техникалар егінді жинауға сақадай сай тұр. Жалпы, мемлекет көмегінің арқасында Мойынқұм ауданындағы ескі техникалардың бірқатары бүгінде жаңарып қалған. Себебі, қазір шаруаларға лизингке су жаңа трактор немесе ауылшаруашылығы техникасын алуға жеңілдетілген жағдайлар жасалып отыр. Мұнан кейін халық қалаулылары Шу ауданындағы Алға ауылына барып, ел тынысымен танысты. Ауданда атқарылған жұмыстарды бағамдап, өзекті мәселелерге тоқтала келе, олардың оң шешімін табуына ат салысатындарын жеткізді. Іс-сапар соңында аудан активімен өткен жиында сенаторлар аймақтың дамуында оң өзгерістер бар екендігін айтты. Сонымен қатар, халық қалаулылары жергілікті жұртшылық тарапынан қойылған сұрақтарды түртіп алып, олардың маңыздыларын парламент қабырғасына барғанда көтеретіндіктерін де атап өтті.

    қатысты посттар

    Шымкент: цитадельдегі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: 7 АЙДА 135 МЫҢНАН АСА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН

    Фариза

    “Мәжіліс депутаттары жаңа қызметке тағайындалды” Назарбаев кадрлық ауыс-түйіс жасады

    Пікір қалдыру

    9 + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.