22 C
Алматы
Жексенбі, 5 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте мотоцикл жүргізушілерінің тәртіп бұзуы тыйылмай тұр

    Шымкентте жол-қозғалысын бұзып, техникалық талаптардысақтамайтын мотоцикл жүргізушілерінің қатары азаймайтұр. Тіпті бір жетінің ішінде техникалық қарап-тексеруденөтпеген осындай көлік құралын басқарған 20 жүргізушібелгілі болды. Олар түрлі жол апаттарының орын алуына себепкер болған.

    Ал қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамағандар да аз емес, бұған қатысты 19 жәйт тіркеліпті. Бұл жөнінде Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері апталықрейд кезінде анықтап отыр.«Мотокөлік» республикалықжедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бұдан бөлек, мотоны айдаушылардың жол қозғалысы кезіндетыныштықты бұзған 6 жәйті де анықталып, оларғаәкімшілік хаттама толтырылыпты. Сондай-ақ, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткендер де жоқемес. 3 жүргізуші осылай жол ережесін бұзыпты.

     

    Мамандардың айтуынша, бір аптаның ішінде миллиондықала – Шымкентте мотокөлік жүргізушілерімен жасалғанбарлығы 78 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, оларғаайыппұл салынып отыр.Олег Ким, «Авто-мото» федерациясының Шымкент қаласы бойынша филиал өкілі: «Мойындау керек, қалада мото-жүргізушілері арасында жолқозғалысын жиі бұзатын бірнеше адам бар. Бірақ, бұл – барлығы бірдей тәртіпке бағынбайды деген сөз емес. Заңғабағынып, өзге де жүргізушілерді құрметтеп жүретіндерікөп. Қазіргі кезде біздің және тәртіп сақшыларыныңтарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ендігіжерде бұл құқықбұзушылықтың саны азайатыны анық. Ал әуесқой әлгі у-шуды қалайтын жүргізушілерге айтарым, қоғамның тынышы – бәрінен де қымбат».

    Ал, тәртіпке бағынбаған мотоцикл жүргізушілері енді заң алдында жауап беретін болады.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент көшелерінде залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда

    Фариза

    Жамбылцы отправили 33 тонны сена в Кызылординскую область

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Кавасаки ауруы бар балалар тіркелген жоқ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.