-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Адам қолынан қаза тапқаны анық» Жолдасовтың жұмбақ өлімі жайлы досы тың ақпаратпен бөлісті (видео)

    Еламан Жолдасовтың қазақ-түрік лицейінде бірге оқып, кейін бірге араласып жүрген танысы Ербол есімді азамат тергеудің әділ жүргізілуіне күмән келтіретінін хабарлады. Өзінің аты-жөнін толық айтудан бас тартқан азаматтың айтуынша, Каирге екі адамнан тұратын комиссия аттанған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    «Ол жерде Қазақстаннан екі адам комиссия мүшесі ретінде кеткен. Олар Қазақстан құзырлы орган өкілдері, біреуі — ҰҚК екеншісі СІМ өкілі. Басқа тергеу органдарынан ешкім жолға шықпағанын біліп отырмыз. Әйелі Айнұрмен сөйлескенде дұрыс сұрақтар да қойылмаған, Еламанның телефонын тәркілеп алған. Әйелі өте көп нәрсе айтты, олардың бәрін қазір сізге айта алмаймын. Бұл іспен кәсіби мамандар айналысып, қылмыстың бетін ашуы керек деп есептеймін. Мұнда көптеген ілік табуға болады. Оны инвестор шақырған. Кездесуден кейін адам қайтыс болған. Ол жерде ортада делдал болған арабтың да телефон номері бар.  Келіп-кеткен машина да бар. Ол жаққа Қазақстаннан тәжірибелі тергеушілер баруы керек. Ал сыртқы істер министрлігі бұл істі өзіне қол салуы мүмкін деп шығаруы мүмкін», — дейді Ербол.  

    Еламан Жолдасовтың туыстары Каирде қайтыс болған дипломаттың өз-өзіне қол салуы мүмкін емес деп есептейді. Қазір Шымкентте тұратын туған ағасы Нұрланның үйіне жақындары жиналып, көңіл айтып жатыр. Өзін Нәзипа Өсербаева деп таныстырған әйел адам шетелде көз жұмған елшілік қызметкерінің туған жеңгесі екені айтады.

    «Еламанды 12 желтоқсан күні кешкі сағат 10-дар шамасында өздерін кәсіпкер ретінде таныстырған азаматтар алып кеткен. Олар жергілікті арабтар. Әйелі Айнұрға келісім-шарттарға қол қоямыз деп айтқан. Содан қайтып оралмаған, телефон номері өшірулі болған. Келесі күні ерте әйелі есікті ашқан сәтте басы қан болып жатқан Еламанды көрген. Оның соққыға жығылып, адам қолынан қаза тапқаны анық екенін айтып отыр», — дейді Нәзипа Өсербаева

    Айта кетейік, Қазақстанның Мысыр еліндегі елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасов Каирде жұмбақ жағдайда қайтыс болды. ҚР Cыртқы істер министрлігі аталған оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді.

    «ҚР СІМ Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың қайтыс болғанын растайды. Қазіргі уақытта Египет прокуратурасы қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты тергеу қорытындысы бойынша ресми мәлімет шықпайынша бұл жағдайға қатысты негізсіз мәліметтер таратпауларыңызды сұраймыз. СІМ өкілдері Мысырға тергеу шараларына қатысуға жіберілді. Толық мәлімет 18 желтоқсанда ҚР СІМ ресми өкілі өткізетін брифинг барысында айтылады», — делінген СІМ хабарламасында.

    Еламан Жолдасов Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Сарыбұлақ деген ауылды туған. 1993 жылы қазақ-түрік лицейіне оқуға түскен. Оны 1997 жылы бітірген соң Каирдегі Әл-Азхар университетінің дінтану факультетіне оқуға түсті. Ол жерде алты ай білім алған соң, жергілікті басылымдарда журналист болып жұмыс істеді. Сосын дипломатиялық қызметті таңдаған.

    қатысты посттар

    Министр: Отставкаға кетуге дайынмын…

    «Мықты президент, күшті парламент және есеп беретін үкімет» Тоқаев алғашқы жолдауында саяси реформалар туралы сөз қозғады

    Фариза

    Мәжіліс ядролық қаруға тыйым салатын тарихтағы алғашқы құжатты мақұлдады

    Пікір қалдыру

    eighteen − 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.