9 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Қытай елшісі: Митингті Тоқаевтың Қытайға сапары қарсаңында әдейі ұйымдастырып отыр

    Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо Жаңаөзенде қытай кәсіпорындарына қатысты болған митингке байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Baq.kz порталына сілтеме жасап.

    “Мен мұндай оқиғамен таныспын. Бірақ бұл оқиғаға қатысты пікір білдірмеймін. Себебі митингтен кейін брифинг өтті және онда менің әріптестерім пікір білдірді, толық түсініктеме берді. Олар 55 жобаның қайдан шыққанын, қандай жобалар екенін және олардың мемлекеттік сараптамадан қалай өтіп жатқанын, үкіметаралық ортақ комиссия әрбір жобаны қалай іріктейтіні туралы айтып берді. Оған қосарым жоқ. Бұл – бір жағынан. Екінші жағынан, осы митингте айтылып жатқан ойлар – өте күлкілі. Себебі олар Қазақстанның үкімет органдарының құзыреті мен кәсібилігіне сенімсіздік туғызып отыр. Тек сұрақ қойғым келеді: Есіңіз дұрыс па?”, – деді елші.

    Дипломат жобалардың Қазақстан экономикасына табыс әкеліп жатқанын атап, мысал ретінде Шымкент мұнай өңдеу зауытын айтты.

    “Осы мүмкіндікті пайдаланып, 55 жобаның бірін мысалға айтып кеткім келеді. Ол – Шымкент мұнай өңдеу зауыты. Оған мен былтыр бардым. Зауыт өте ескі болды. 1985 жылы Совет кезінде салынған. Модернизациялауға дейін ол заманауи технологиялық нормаларға сәйкес келмеді. Шығаратын өнімнің сапасы жағынан, экологияға тигізетін әсерінің зияны жағынан да өте нашар болды. Осы аймақтағы ауаны ластайтын ең басты нысан еді. Біздің жұмылдырылған ортақ күшіміздің арқасында зауыт жаңадан іске бастап, толық режимде жұмыс істей бастады. Оның арқасында Қазақстан өзін тек сапалы бензинмен қамтамасыз етіп қоймай, жақын көрші елдерге эскпорттай бастады. Ресми ақпаратқа сүйенсек, Қазақстан – ТМД елдерінің ішінде бензин ең арзан мемлекет. Митингке шығушы ораторлар, бұған не айтар едіңіз?”, – деді Чжан Сяо.

    Елшінің айтуынша, митингке шығушылар үшінші бір адамдардың тарапынан арандатылған және Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары қарсаңында әдейі ұйымдастырылып отыр.

    “Бұл негізінде жаңа мәселе емес екенін білемін. Уақыт өткен сайын көтеріліп, шулатып жататын, жиі кездесетін мәселе болып келеді. Бірақ бұл митингтің жалпы фонына назар аударыңыз. Митинг маңызды сапардың алдында болды. Екі жақ та осы сапарға дайындалып жатыр. Сондықтан, еш қиындықсыз, бұл митингтер екіжақты қарым-қатынастың маңызды оқиғасының алдында өтіп жатыр. Митингке шыққандардың арқасында тұрғындарды Қытайға және екіжақты қатынастың дамуына қарсы үгіттейтін, негатив ой туғызатын үшінші бір күш тұр деп болжаймыз. Бірақ олардың бұл ойы іске аспайды. Себебі олар арам геосаяси оймен жасап жатыр. Себебі ресми түрдегі ақпаратқа сүйенсек, Қытай Қазақстанға инвестиция құятын үздік үш мемлекеттің тізімінде жоқ. Осындай ақпарат бар. Олардың “Қытай Қазақстан жерін жаулап алмақшы, тұрғындарын көшірмек” дегеніне ешқандай негіз жоқ. Бұл – жай ғана сандырақ. Расында, Қазақстан нарығында әлемдік мұнай-газ гиганты жұмыс істеп жатыр. Олар алғашқы болып кіріп, барын алып жатыр. Бұған қатысты ойлану керек емес пе?”, – деді елші.

    қатысты посттар

    “Халықты неге алдап отыр? Қытайдан вирус кіргізіп халықты қырайын деп отыр ма?”

    “Президент сайлауында Тоқаев жеңіске жетті…”

    Назарбаевқа тағы бір жаңа мәртебе берілді

    Пікір қалдыру

    3 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.