15 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Денсаулық Қоғам

    “Халықты неге алдап отыр? Қытайдан вирус кіргізіп халықты қырайын деп отыр ма?”

    Шығыс Қазақстан Облысы Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылының тұрғындары Майқапшағай шекара бекетінде түнгі уақытта Қытайдан адам мен тауар өткізгенін айтып, дабыл қақты. Бұл туралы Facebook қолданушысы Жұмабек Әлімхан өзінің желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    “Әлем елдері Қытайдан тараған коронавирустан сақтанып, шекараларын қатаң бақылап, Қытайдан тауар да кіргізбей отыр. Ал ШҚО-дағы Майқапшағай шекара бекетінде түннің ортасында Қытайдан адам және тауар өткізген. Мынау не сұмдық! Қытаймен тұтас шекарамыз жабық дегені қайда? Халықты неге алдап отыр? Қытайдан вирус кіргізіп халықты қырайын деп отыр ма? Тіпті коронавирус елімізге кіріп те кеткен сияқты. Әйтпесе, бөлінген 2 млрд теңге қайда жұмсалды және министр неліктен оның есебін халыққа ашық айтпай құпия ұстап отыр? Масқара ғой мынау! Сонда бұл біреулердің бизнесі болып отыр ма? Не деген сұмдық! Айтарға сөз жоқ”, – деп жазады Жұмабек Әлімхан.

    Айта кетейік, Ауыл тұрғындары аудан әкімі Серік Қасымбекұлына шағымданған. Түрғындар 19 ақпан сағат 15:00-ден бастап жиналып, аудан әкімінің келуін талап еткен.  Кейін ауыл тұрғындары “шекара жабылсын немесе өзіміз шекара күзетеміз” деп талап қойған.

    Қазір облыс әкімі Даниал Ахметов мәселені шешу үшін Зайсан ауданының тұрғындарымен кездесуде.

    https://www.facebook.com/100015419836222/posts/763462610844393/?d=n

    Фото: inform.kz

    қатысты посттар

    “Ырбикүлдер мен Жырбибайлар қаптап кетті…” Шаханов Тоқаевпен өзекті мәселелерді талқыламақ

    Фариза

    “Құрбандыққа шалынған Хритос” Кеңестік билік халықты Құдайсыз әлемге қалай сендірді? (сурет)

    Фариза

    Бұл мәселені бірінші кезекке қоюдың еш қажеті жоқ – Павлодардың жаңа әкімі қала атауына байланысты

    Пікір қалдыру

    5 + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.