5 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда құрылысшылар күні аталып өтті

    Ағымдағы жылы Жамбыл облысында құрылыс ерекше қарқын алды. Мәдени нысандар, спорт кешендері, көпқабатты тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар мен инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін жаңғырту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Маңызды мерекелер қарсаңында солардың көпшілігі ел игілігіне беріліп те үлгерді. Бұл салаға биыл бюджет есебінен 26 млрд теңге бөлінген. Әлбетте, мұның барлығы да құрылысшылардың қажырлы еңбегінің жемісі Мәртебелі мамандық иелерінің кәсіби мерекесі қарсаңында оларға құрмет көрсетіліп, салаға сүбелі үлес қосқандары марапатқа ие болды. Елбасының өзі құрылысты – ел экономикасының локомотивіне теңеген болатын. Бұл – құрылысшылардың еңбегіне берілген зор баға. Бүгінде құрылыс саласы қызметкерлері облыс экономикасына да сүбелі үлес қосып келеді. Тұрғын үй бағдарламаларын іске асыруда олардың еңбегін ерекше айтуға болады. Нақтылы кезеңде 79 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 13-і пайдаланылуға берілсе, тағы 33 тұрғын үй, 24 инженерлік жүйелер,12 білім, 4 спорт нысандары мен өзге де ғимараттар құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 4000 мыңнан астам көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамту жоспарда. Көршілес Түркістан облысында орын алған төтенше жағдай салдарынан қирап қалған Арыс қаласын қайта қалпына келтіруде де құрылысшылардың еңбегі ерен. Киелі мекен Әулиеата өңірі жыл өткен сайын көркейіп, әлеуметтік, мәдени нысандар бой көтеруде. Ал сол ондаған, жүздеген әсем ғимараттарда құрылысшылардың қолтаңбасы жатыр. Сәулет өнерінің серілерін төл мерекелерімен сала басшылары құттықтап, еңбектерінің жемісті болуына тілектестік білдірді. Құрылысшы еңбегі қашан да құрметке лайық. Ел экономикасын еселеу жолында қосқан үлесі үшін және құрылысшылар күні мерекесіне байланысты ардагерлер мен құрылыс саласының үздік қызметкерлері «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен, министрліктің, облыс және қала әкімдерінің, Жамбыл облысының Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты жиын кәсіби мереке иелеріне арналған концерттік бағдарламаға ұласты. Әрине, өткен жылдан бері Жамбыл жері, оның ішінде Тараз қаласы түрленіп келе жатқанын, көне шахардың алып құрылыс алаңына айналғанын жұрттың барлығы да айтып жүр. Қала ішіндегі саябақтардың түрленіп, Жеңіс саябағы мен Ерлік мемориалды кешенінің қайта жаңғыруы көпшілікті қуантқаны рас. Ондағы құрылысшылардың ерең еңбегі мен аса сәнді үлгіде жасаған дүниелерін бүгінде Таразға келген кез келген қонақ айтып жүр. Құрылысшылардың қаланы дамытуы мұнымен тоқтап қалмайды. Олар ендігі жерде Шахристан базары аумағын облыс орталығының мәдени –тарихи орыны ретінде қалыптастыру жұмысына кірісіп кетті. Сол маңда алып стелла тәрізді сағат пен өзге де көрікті ғимараттар салынады. Міне, осы істің бәрінің басында Жамбылдық құрылысшылардың қолтаңбасы тұр.

    қатысты посттар

    Шымкентке қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу жалғасуда

    Фариза

    Сыр өңірінде коронавирустық инфекциясының екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде

    Фариза

    Шымкентте зарарсыздандыру жұмыстары кең көлемде жүргізілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 + seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.