17 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентке қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу жалғасуда

    Соңғы 7 күнде Үкімет тарапынан бөлінген екі ұшақпен және бес жүк көлігімен Индиядан, Ресей
    мен Украина елінен қажетті дәрілер қаламызға жеткізілді. Олар ең алдымен қаладағы
    медициналық ұйымдарға, сосын дәріханаларға таратылатын болады.

    Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Аптека №5», «Мега Фарм Плюс» серіктестіктердің көтерме
    қоймаларына арнайы барып, жоспарланған дәрілік заттарды жеткізу және дәрілік қордың
    жеткілікті екеніне көз жеткізді.

    Бүгінде аталған екі фарм компания қорында 273 мың флакон левофлоксацин ерітіндісі, 200 мың
    қорапқа жуық аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітіндісі, 130 мың қорап аналгин мен
    димедрол, эуфиллин ерітіндісі сынды маңызды медикаменттің 8 түрі келген.

    Сонымен қатар, Қазақстанды оның ішінде Шымкент қаласын қажетті дәрімен қамтамасыз етуде
    «Химфарм» дәрі-дәрмек зауытын ерекше атап өткен жөн. Бүгінде мұнда инъекциялық ерітінділер
    мен инфузиялар, қатты пероральді дәрілік заттар (таблеткалар, саше, ампулалар), антибиотик
    ұнтақтары шығарылады.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    «Тараз және түркі өркениеті» атты халықаралық конференция өтті

    Фариза

    Шымкент: «GraMad» гипермаркет желісінің жаңа нүктесі ашылды

    Фариза

    Шымкентте коронавирусқа шалдыққан науқастарға психологиялық көмек көрсетіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.