Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте зарарсыздандыру жұмыстары кең көлемде жүргізілуде

    Шымкент қаласының төрт ауданында дезинфекциялаужұмыстары кең көлемде жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 200-ден астам еріктілер мен әскери қызметкерлержұмылдырылып, барлығы 1 мың литрге жуық дайынсұйықтық пайдаланылды. Қала әкімінің тапсырмасынасәйкес шаһарда залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді.

    Бүгінде қала аумағындағы адамдар көп шоғырланатынқоғамдық орындар, базарлар мен аялдамаларға толықдезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.  Сонымен қатар, мамандар бір апта көлемінде 285 көп қабатты тұрғын үйдіңаулалары мен жертөлелерін, қоқыс алаңшаларын, 750 мыңкіреберіс және 145 көшені індетке қарсы дәріледі.

    Ал, аудан әкімдіктері жанынан құрылған мониторингтік топ халық көп шоғырланатын сауда орындары мен тамақтануорындарында аурудың алдын алу іс шаралары бойыншатүсіндіру жұмыстарын жүргізіп, талапқа сай жұмыс істеукеректігін ескертті.

    Пандемияның алдын алу мақсатында дезинфекциялаужұмыстары күнделікті үзіліссіз жүргізілуде. Ол үшінарнайы кесте белгіленген. Әрбір аудан сол кестеге сайжұмыс істеуде.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте жеке инвесторлар есебінен 126 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

    Фариза

    Шымкентте карантиндік шектеу тағы да ұзартылды

    Фариза

    Шу ауданындағы Жайсан ауылына көгілдір отын берілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.