9 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Атамбаевтың үйіне граната лақтырды

    Атамбаевтың үйін басып алу үшін екінші штурм басталды, деп жазады Qazweek.kz ақпараттық агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Басылым хабарлағандай, сағат 16.20-да Атамбаевтың үйінде болған 500-дей адам Беш-Күнгей жаққа жылжыды. Олардың қолдарында қару жоқ, тек тас пен таяқ ұстаған.

    Ал 16.23-те арнайы жасақ қайтадан шабуылға кірісті. Милиция Атамбаевтың үйіне граната лақтырды.

    РИА Новости жеткізгендей, Атамбаевтың штабы экс-президентті жақтаушылар мен қарулы күштер арасында жаңа қақтығыс басталғанын мәлім етті. Атамбаевтың жақтастары Бішкектегі митингті тоқтатып, Қой-Ташқа қарай келе жатыр.

    Қырғызстанның бұрынғы президентін жақтайтын Фарид Ниязов Алмазбек Атамбаевтың үйіне екінші шабуыл басталғанын растады.

    – Атыс естілді. Гранаталар жарылып жатты, — деді ол.

    Жарақат алғандар туралы Фарид Ниязов ештеңе айтпады.

    қатысты посттар

    Жалағашта провизорлық стационар жабылды

    Фариза

    Қазалыда колледж жанындағы жылыжай өнім бере бастады

    Фариза

    Қызылордада қоғамдық көліктер үшін жолақысы бұрынғы бағада қалатын болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.