11 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада қоғамдық көліктер үшін жолақысы бұрынғы бағада қалатын болды

    Қызылорданың қоғамдық көліктерінде электронды және қолма-қол жолақы үшін бірдей баға – 90 теңге болып белгіленді. Бұл туралы Қызылорда қаласыныңәкімдігі мәлімдеді.

    Бұған дейін 1 қыркүйектен бастап қолма-қол билет құны 120 теңге болып өзгеретіні айтылған еді. Сараланған тариф азаматтарды көлік картасын пайдалануға ынталандыру мақсатында қойылған болатын.

    «Алайда тұрғындар өтінішін ескеріп, ұсыныстарды тыңдай келе электронды немесе қолма-қол төлем жасаушылар үшін де ортақ баға 90 теңге болып сақталып, оны өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды. Әйтсе де, электронды төлем жүйесіне өту – заман талабы. Сол себепті жол ақысын электронды төлеуге ұсынылған 8 түрлі төлем жасау тетіктері дамытылып, жүйеге ауысу 1 қыркүйектен бастап кезең-кезеңімен жалғаса беретін болады. Сондықтан жол ақысын төлеудің электронды жүйесіне ауысуды сұраймыз», – делінген хабарламада.

    қатысты посттар

    Қызылордалық ҚАЖ қызметкерлері сала ардагерлерін құттықтады

    Фариза

    Қызылордаға Шымкенттен дәрі-дәрмек жеткізіліп жатыр

    Фариза

    СЫР ӨНІМІ 12 ЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one + 20 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.