11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жалағашта провизорлық стационар жабылды

    Жалағаш ауданына қарасты Мәдениет ауылдық округіндегі ауруханада соңғы науқас емделіп шығып, провизорлық стационар жабылды.

    Мәдениет ауылдық ауруханасынан провизорлық және КВИ стационарлар ашылып, 20 төсек орынға арналған аурухананың төсек қоры 105-ке жеткізілді. Індет өршіген кезде ақ халатты абзал жандар күні-түні көз ілмей еңбек етіп, науқастардың өміріне араша болды.

    «Соңғы уақыттың ішінде стационарға коронавирус, пневмония дертімен науқастар түскен жоқ. Бүгін мұндағы соңғы 2 науқасты шығарып, провизорлық стационарды жаптық. Енді бұл жерлерге дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, аурухана халыққа қалыпты жағдайда қызмет көрсететін болады», – дейді провизор бөлімінің дәрігер меңгерушісі Әзизбек Жәмкеев.

    Дәрігерлер провизорлық стационарда ем алып, үйіне асыққан соңғы 2 науқасты құрмет көрсетіп шығарып салды. Емделіп шыққан азаматтар алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге алғысын білдіріп, қолдау шараларын танытқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Медициналық ұйымдарға 32,2 млрд теңге төленді

    Фариза

    Тұтынушыларды электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу үдерістерін жақсартуға бағытталған құқықтық түсіндіру жөніндегі Түркістан облысындағы дөңгелек үстел

    Фариза

    Жаңа облыс тұрғындары қайта тіркеуден өтуі керек пе?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen + eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.