-6.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Саясат

    Бақытбек Смағұл: Өлінің аруағын тірінің тартысына салмау керек

    Елімізде «Батырларға тағзым» шеруі жыл сайын болады. 9 мамыр мерекесі жақындаған кезде түрлі көзқарас, түрлі ұстанымдардың тартысы болып жүр. Осыған байланысты интернетте «Батырларға тағзым» шеруін қолдау бойынша Ауған соғысы ардагерлерінің мәлімдемесі тараған болатын. Бұл мәселенің анық-қанығын білмек мақсатында Бақытбек Смағұлмен сөйлескен едік.

    — Әуелі, «фашизм қадам басқан кезде Ұлы даланың перзенттерін неліктен Мәскеу қақпасын қорғауға қойды?» деген заңды сұрақ туады. Әрине, әр соғыста қатыгездік, әділетсіздік орын алды дейтін болсақ, бүгін ғана тұсауы кесілген «Ұмытылған қаһармандар» кітабы соған куә. 

    Бір емес,КСРО Батыры атағына бірнеше рет ұсынылған 130-дан астам азамат өздеріне лайықты атағын ала алмады» — деді, әңгімесін әріден бастаған депутат.

    Бақытбек Смағұл «Батырларға тағзым» шеруін рухани тұрғыда қолдайтынын меңзеді.

    — Осындай алапаттың арасында жүріп, бір жағынан сол кезде КСРО-ны «Отаным» деп білгендіктен — отанға деген махаббатын, адалдығын ерлігімен көрсете білген бауырларымыздың рухына тағзым ету – біздің тарихқа тағзым және оларды ұмытпау деп ойлаймын. 

    Екіншіден, бұл шараны («Батырларға тағзым» шеруін – ред.) саяси науқанның қаруына айналдырып, өлінің аруағын тірінің тартысына салмау керек. Өзінің аталарын, әкелерін еске алып, олардың рухына тағзым ету – менің ойымша, әркімнің бойындағы адами парызы» — дейді Бақытбек Смағұл.

    Ауған соғысының ардагері Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс бір елдің ғана жеңісі емес екенін айтады.

    — Екінші дүниежүзілік соғыс жайлы Жуковтың әйгілі жазбаларында бар. «Америкалықтар болмағанда біз жеңіске жете алмайтын едік» — деп жазады ол. Мысалы, әзербайжандар соғысқа мұнай берсе, 10 оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілді. Ендеше бұл жеңіс — ортақ жеңіс, — дейді ол. 

    Бақытбек Смағұл сонымен бірге мереке сайын тағзым ету рәсіміне өзінің бағасын берді.

    — Менің ойымша, өткен бабаларымыздың ерлігіне тағзым ету – парыз. Қазіргі құбылмалы қоғамда адам құбылмауы керек. Саясаттың құбылуымен бірге құбылатын емес, құбылаға қарап жығылатын күн. 

    Әр мереке сайын өмірден өткен бабаларыма бас иіп, құран бағыштап отырамын. Сондықтан саяси жағын біржақты пайдалану, пайдаланып ұпай жинау, меніңше дұрыс емес,- дейді депутат.


    Дереккөз: Baq.kz

    қатысты посттар

    Жаппай наразылық білдірген халықтың үні Германияда жүрген Тоқаевқа жетті

    «Қуаныш пен күлкіге уақыт жоқ…» — Қасым-Жомарт Тоқаев

    Даниал Ахметов бүкіл қазақстандықтың өміріне гарантия бере ме?

    Пікір қалдыру

    two − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.