9 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам Саясат

    Қыздардан құралған арнайы жасақ митингіге шыққан адамдарды “нәзіктікпен” ұстап алып кете ме?

    Соңғы жылдары елімізде толқулар, бас көтерулер жиілеп кеткені белгілі. Әсіресе Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында митингіге жиналған халықтың қарасы көп. Алдын-ала әлеуметтік желілерде белгілі бір датасы айқындалып, желі қолданушылары арасында біраз талқыға түседі. Алайда митингі белгіленген күні халық алаңға жетпей жатып-ақ оларды жолдан ұстап алып кетеді. Митингі болған күні, тіпті, бала-шағасын серуендетіп шыққан адамдар да еш себпсіз ұсталып кетіп жатады.
    Осы уақытқа дейін шерулер Алматыдағы Арбат алаңында өтіп келеді. Халықтың дені сол жерде жиналып, өздерінің талап-тілектерін айтып жатады. Алайда еліміздің қарулы күштері алаңға (СОБР) көшені бойлай тізіліп тұрып, бір автобусқа үлкен-кәрісіне қарамай митингіге шыққан адамдарды тиеп, ұстап алып кетіп жатады.


    Оқиға орнынан түсірілген мына суреттерден байқасақ, шалды да, жасты да, әйел мен кемпірді де бірнеше адам көтеріп алып кетуде. Осы сынды суреттер желіде көтеп таралып, халықтың ашуын туғызып, еліміздің қарулы күштерінің қатарындағы ер-азаматтар біраз сынға іліккен болатын. Әсіресе қыз-келіншектерді сүйреп алып кетіп бара жатқан сотқалдай жігіттер біраз адамның қарғысына ұшыраған еді…
    Баршамызға белгілі, ағымдағы жылдың 22 ақпанында да халықты митингіге шақырып, Алматы қаласында бір топ адам жиналған болатын. Алайда, бұл жолы бір өзгешелікті байқадық. Митингіге шыққан адамдарды ұстауға тек ер адамдардан жасақталған топ емес, қыздардан да жасақталған арнайы топты шығарыпты.

    Сонда билік басындағылардың мұндай әрекетке көшулеріндегі мақсаты не?
    Әлде қыздардан жасақталған топты алып келіп өздерінің халыққа жаны ашитындығын көрсеткісі келді ме?
    Әлде мұндай жасақты көрген халық ашуға берілмейді деп ойлады ма екен?
    Қай кездегі митинг болмасын қарулы күштердің қатарындағы ер азаматтардың немесе қыз балалардың аяушылық танытқанын көрмедік. Тіпті, түсіністік танытқан адам болмады десек де қателеспейміз.

    Назерке Лабихан

    қатысты посттар

    Сұмдық – ай, Шымкентте «періштелер қайтыс болды»

    Фариза

    “Жас ұрпақты қолдан мүгедек жасауды доғарыңыздар!” Айгүл Орынбек Тоқаевқа хат жолдады

    Фариза

    Ешқандай симптом болмаса да, Германиядан келген 2 қазақстандыққа неліктен тест жасалды? Іс пен сөз сәйкеспей қалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 + 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.