9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық Мәдениет және шоу-бизнес Саясат Сән және стиль Фотосурет

    Ресейлік танымал актриса туған атасының қазақ екенін жайып салды

    Ресейлік танымал актриса Янина Мелехова өзінің атасының Қарағандыда тұрғанын, оның қазақ азаматы екенін жайып салды. Кино жұлдызы бүгінгі таңда әкесінің әкесін іздеу үстінде деп жазады NV.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Театр және кино актрисасы бүгінде өзінің атасы жайлы көп мәлімет білмейтінін мәлім етті.

    1950 жылдары Беларусья мемлекетінің Борисов қаласына әскери борышын өтеуге барған Қарағанды азаматы актрисаның әжесімен кездескен. Алайда 1954 жылы ер адам жоғалып кетеді.

    Мелехованың ойынша, атасы Беларусьяда ұлының бар екенін де білмейді.

    “Туыстарымның айтуынша, қарағандылық әскери қызметкердің есімі Әлімбай Шахмұхамедов немесе Шахмұхамбетов. Бізде қазір екі нұсқа бар”, – дейді актриса.

    Янинаның әжесі қазақ азаматынан ұлды болғанымен, оны өз тегіне жаздырған.

    “Менің есептеуіммен, қазір атам 90 жаста болуы керек. Тірі болса жақсы. Менің әжем әлгі ер адамға ғашық болғаны сонша, кейін қайтадан отбасы құрмаған”, – деді Мелехова.

    Танымал актрисаның әжесі бүгінде өмірден өтіп кеткен. Алайда ол қайтыс болғанша қарағандылық азамат жайлы жақ ашып, ештеңе айтпапты.

    “Менің бойымда қазақтың қаны бар. Мен оған сенемін. Менің әкем қараторы, қой көзді адам. Менің де көзім қоңыр түсті. Мен де, әкем де ол кісімен қайта табысуды армандаймыз”, – деп ағынан жарылды Янина Мелехова.

    қатысты посттар

    Данэлия Тулешова: Димаштың ісіне қайран қалдым…

    Димаш Құдайберген іздеу салған ару кім? (видео)

    Қытайдың XIX ғасырда қолданған жазалау жүйесінен жантүршігерлік 10 фото (+18)

    Пікір қалдыру

    19 + five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.