12 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    “Президенттің ашуын келтірді “: Көшербаев Әбдірахымовтың қызметінен не үшін алынғанын айтты

    Ғабидолла Әбдірахымовтың жүріс-тұрысы билікке деген сенімді кетіреді, деп мәлімдеді президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

    “Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазіргі кездегі басты міндет – сенім, халық пен билік арасындағы үнқатысу. Ғабидолла Әбдірахымов еліміздегі ең жоғары және жауапты қызметтерге тағайындалып, ел басшылығының қолдауы мен сеніміне ие болғанын білесіздер. Өкінішке қарай ол мұны жете түсінбеді”, – деп мәлімдеді Көшербаев.

    Президент әкімшілігінің басшысы экс-әкімнің жүріс-тұрысы БАҚ-та және әлеуметтік желілерде егжей-тегжейлі баяндалғанын атап өтті.

    “Бұл жағдай адамдардың көпшілігі мемлекет көмегіне зәру кезде, Арыс қаласы қалпына келтіріліп, Түркістан қайта өрлеп, ел жаңа уақыттың жаңа сын-қатерлеріне жауап іздеп жатқанда болып отыр. Ол мемлекет басшысының нұсқауына қайшы келеді, жалпы алғанда биліктің беделін түсіреді. Бүгінде Әбдірахымовқа көрсетілген саяси сенім түгесілді”, – деп қорытындылады Қырымбек Көшербаев.

    Ол халық биліктің барлық тармағының адал атқарған жұмысына лайық екенін атап өтті. Осыған байланысты өңір басшылары халықтың нағыз қызметшісі болып, өзін-өзі үйлесімді түрде ұстауы керек.

    Айта кетейік, 30 шілдеде Түркістан облысы Отырар ауданының бұрынғы әкімі Ерлан Айтаханов Әбдірахымовтың орнына Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.  

    қатысты посттар

    Президент Тоқаев Қалмақ басшысымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

    Фариза

    “Денесі ашық қалған…” шенеуніктің интим суреттері желіде таралды

    Қарағұсова: Біз қанша сұраса да, бере саламыз…

    Пікір қалдыру

    18 + 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.