23 C
Алматы
Суббота, 4 мая 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Регионы

    Тараздағы арнайы кітапханадағы тағылымды шаралар

    Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Тифломузей» жобасы аясында облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесе, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жылдарының жетістіктері» атты фото көрмеге экскурсия жүргізді.

    Мұндағы мақсат – халқымыздың тарихын, мәдениетін суреттеген қолөнер шеберлерінің жұмыстарын көру қабілеті әлсіз және нашаркөретін азаматтарға таныстырып, туындыны қолдарымен ұстап, сезіну арқылы ой өрісіндамытып, қоғам көшінен кеш қалдырмау.

    Шараға Қазақ соқырлар қоғамының мүшелері мен тұрақты оқырмандары және «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері қатысып, зағип оқырмандарға галереяны аралап, әрбір сурет туындыларын қолмен сипап сезінулеріне өз көмектерін берді.

    Көркемсурет галереясының бөлім меңгерушісі Б. Райқұлова ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуымен мүмкіндігі шектеулі жандарды құттықтап, ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Таразға келу сәтінен арнайы дайындалған тарихи суреттері мен фотограф А.Қартабайдың Әулиеата өңірінің көрікті жерлерін бейнелейтін көрмесімен таныстырды.

    Зағип оқырмандар арнайы бедерлі графиялық көрсеткіште жасалған тарихи таңбалар мен теңіз асты әлемін бейнелейтін көркем тифлотуындылармен танысып, тифломузейдегі қолөнер шеберлерінің жұмыстарын қолмен ұстап, көзбен көргендей әсер алғандықтарын айтып, суретшілер мен ұйымдастырышыларға алғыстарын білдірді.

    Сондай-ақ, аталған кітапхана ұжымы көру қабілеті нашар азаматтарды кедергісіз әлеуметтік ортаға тарту, аспаздық дағдыларды үйрету арқылы оңалту және бейімдеу, дыбыс бойынша түрлі тұрмыстық аспаптарды анықтау, ас үйде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу, түрлі тағам түрлерін жасауды үйрету мақсатында облыста алғаш рет «Тiflo-Асхана» жобасын бастады.

    Асхананың алғашқы қонағы Қазақ соқырлар қоғамының мүшесі, ақын, түрлі облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпазы, І топ көз мүгедегі Қолқанат Оңғарбаева болып, жеңіл, өте жұмсақ, құрамы дәруменге бай, тауық еті қосылған «Нәзіктік» салатын жасады.

    Асханада еркін әңгіме өрбіп, отбасындағы қуаныштарын, үлкен шаңыраққа келін болып түскенде алғаш жасаған тағамдарын, үнемі тамақты өзінің әзірлейтінін, биыл облыс әкімінің бастамасымен ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» жобасына қатысып, марапатталғаны жайлы жағымды жаңалықтарымен бөлісті. Сондай-ақ, көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға асханада ас даярлауда ескеретін қауіпсіздік ережелерін айтып, арнайы кітапхананың асханалық жобасының зағип жандар үшін тағам жасауды үйренуге мол мүмкіндік екенін жеткізіп, жобаға қатысуға шақырды.

    Арнайы кітапхана алдағы уақытта да облыстың зағип жандарына түрлі тағам түрлерін үйрету жұмысын жүргізеді.

    Похожие записи

    Шымкент: аким города наградил чемпионов

    Фариза

    Медработники Семея получили ключи от новых квартир

    11 ПРИВЕРЖЕНЦЕВ ДЕСТРУКТИВНОГО ТЕЧЕНИЯ ОШТРАФОВАНЫ ЗА НАРУШЕНИЕ ЧП В ШЫМКЕНТЕ

    Фариза

    Оставить комментарий

    18 + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.