22.8 C
Алматы
Суббота, 26 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Общество

    Тоқаев Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жазды. 

    «Еліміздің мұсылмандары биыл да пандемия жағдайына байланысты құрбандықтарын ҚМДБ ұйымдастырған qurban2021.kz сайты арқылы қашықтан шалдыруда. Сүйіспеншілік пен ізгіліктің, мейірбандық пен қайырымдылықтың мейрамы тағы да құтты болсын!», — деп құттықтады Берік Уәли қазақстандықтарды.

    Айта кетейік, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбандық шалуға тапсырыс беру мен мұқтаж жандардан өтініш алу онлайн режимде жүзеге асырылады.

    Мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтаған еді. «Құрбан айттың ұлағаты мен өнегесі біздің рухани құндылықтарымызбен үндеседі. Бүгінгі мерекенің мән-маңызы осында деп білемін. Шалған құрбандықтарыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!» — деген еді Президент.

    Фото: из открытых источников

    Похожие записи

    «Мы вместе!»: 400 малоимущих семей Шымкента получили помощь

    Фариза

    «Мулла готов «женить» взрослого мужчину на девочке девяти лет» — Как священнослужители женят мужчин на время для полового отношения

    Устроившие гонки водители дважды переехали школьника в Караганде

    Фариза

    Оставить комментарий

    один × три =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.