Среда, 7 декабря 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Происшествия

    Блогер әкесінің өлімін видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге жүктеген

    Филиппиндік блогер Кит Таленс желіге әкесінің өлімін жүктеп, сынның астында қалды. Бүгінгі күні Youtube сайтындағы видео 5 миллионнан аса қаралым жинаған, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    Видеоның басында әкесінің қайтыс болғанын білмейтін блогердің жанұясымен бірге көлікте келе жатқанын көруге болады. Жанұя мүшелері әке күніне арнайы жасаған тосынсыйларын талқылайды. Бірнеше минуттан кейін көлік ішіндегі адамдардың әңгімесі кенеттен үзіліп кетеді. 

    Камераға Таленстің әкесінің мәйітін құшақтап, шыңғырып жылағаны түсірілген. Блогердің сөзінше, әкесі жүрек талмасынан қайтыс болған. Таленске мұны өгей шешесі хабарлаған. 

    Әлеуметтік желі қолданушылары жігітке қайғырып көңіл айтты. Алайда, Таленстің іс-әрекетін, әкесінің өлімін көпшілікке көрсеткені үшін сынағандардың саны көп болды. 
    “Жақын адамның өлімінен контент жасау керек пе еді?” “Өз әкесінің мәйітін көрсету — құрметсіздік. Видеоның сол жерін кесіп тастауға да болатын еді” , — деп жазды олар. 

    Таленс видеоға пікір қалдыру мүмкіндігін өшіріп тастап, хейтердің алдында ақталу үшін тағы да бір видео түсірген. Ол әкесінің өлі екенін білгенде, видео түсірмейтінін айтты. 

    Похожие записи

    Кыргызы и узбеки устроили ожесточенный конфликт на границе

    Талибы запретили женщинам заниматься спортом

    Фариза

    В Жанаозене пропала 13-летняя девочка

    Оставить комментарий

    пять × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.