25 C
Алматы
Четверг, 1 июня 2023
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Политика

    Президент кедей отбасыларға көмек беру үшін зәулім үйін сатпақ

    Мексика билігі түскен қаржыны әлеуметтік көмекке жұмсау үшін қымбат жылжымайтын мүлікті сатқалы отыр

    Мексиканың мемлекет басшысы Андрес Мануэль Лопес Обрадор қайырымдылық мақсатында курорттардың бірінде орналасқан президент резиденциясын сатпақ, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агкнттігі Sputniknews.kz сайтының ақпаратын негізге алып.

    Президенттің Кинтана-Роо штаты Косумель аралындағы демалыс үйінде мемлекет басшылары ғана тұрады.

    “Косумельдегі Casa Maya президент үйінің жай-жапсарын мұқият зерттеймін, себебі оны сатып, түскен қаржыны Кинтана-Роода тұратын мұқтаж жандарға береміз”, – деп мәлімдеді Мексиканың мемлекет басшысы.

    Айта кетсек, бұдан бұрын мексикалық есірткі сатушылардың иелігінде болған үйлер аукционға шығарылыпты. Барлығы 27 зәулім үй сатуға қойылып, бір күн ішінде олардың тоғызы 56,6 миллион песоға (3 миллион доллардай) сатылып кеткен.

    Осы қаражаттың да басым бөлігі тұрмысы нашар отбасыларға көмекке жұмсалады.

    Похожие записи

    Токаев высказался об изучении казахского языка

    Фариза

    Перуашев «не жалеет», что плакал в день отставки Назарбаева

    Фариза

    Иран выдал санкцию на арест президента США Дональда Трампа

    Оставить комментарий

    двенадцать − два =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.