16 C
Алматы
Среда, 27 сентября 2023
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Без рубрики

    “Халық “жоқ” десе, ешкім ештеңе салмайды” – министр АЭС салуға қатысты пікір білдірді


    “Халық пікірін ескере отырып, атом электр станциясын салуға байланысты шешім қабылданады” деді Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев 20 маусымда тұрғындарға есеп беру жиынында, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    “Халық пікірін ескеру дегеніміз не? Бұл халық арасында сауалнама жүргізу немесе референдум өткізу. Сондықтан алаңдамаңыздар: егер АЭС салынса, міндетті түрде ол жайлы естисіздер, білесіздер. Халық өз пікірін айтады. Егер “жоқ” десе, ешкім ештеңе салмайды. Сіз бен біз Семей сынақ полигонын бастан өткердік, мұны жақсы түсінеміз. Қаншама адам зардап шекті. Бұл жады – оны “гендік жады” деп атаймыз. Бұл қоғамда АЭС-тің салынбауын қолдайтын көңіл-күйді қалыптастырып отыр. Қалай болғанда да, АЭС салу бойынша жоспар, шешім қабылданған жоқ” деді министр. 

    Бұған дейін жергілікті ақпарат агенттіктері “Қазақстанда АЭС салу бойынша тендер жарияланғанын”, “бірқатар халықаралық компаниялардың оған қатысуды жоспарлап отырғанын” хабарлаған. (Бұл ақпаратқа байланысты Азаттық тілшісі 6 маусымда энергетика министрлігіне ресми сауал жіберген. Бірақ әзірге жауап келмеді). Бұл ақпаратты меңзеген министр егер қандай да бір шетел ұйымдары не компаниялар түсініктеме берсе, бұл олардың Қазақстанға өз өнімін сатқысы келгенінен хабар береді деген.

    Сәуір айының басында Ресейге сапарлап барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде президент Владимир Путин Қазақстанда “ресейлік технология” бойынша АЭС салу туралы ұсыныс айтқан. Бұл әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар әртүрлі пікір білдірген.

    Келесі күні энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев станция құрылысына қатысты нақты шешім қабылданбағанын, алайда атом электр станциясы орналасуы мүмкін аумақ ретінде Курчатов қаласы мен Үлкен ауылын атаған.

    Елде мамыр айында болған наразылық шараларында өзге ұрандармен қатар “АЭС салынбасын!” деген талап та болған. Бұған дейін астаналық белсенді Болатбек Біләлов АЭС жобасына қарсы наразылық шарасын өткізуге оқталып, 15 күнге қамалып шыққан.

    Похожие записи

    Как в Казахстане взять деньги в долг?

    Значение онлайн-казино турниров в Казахстане

    Директором представительства «АстраЗенека» в Казахстане назначена Мария Шипулева

    В Талдыкоргане задержали главу образовательного ведомства, которого обвиняют в хищении 2 миллиардов тенге

    Денис

    Житель города Кызылорда оплачивал свои покупки на автозаправочной станции с помощью распечатанных на цветном принтере тенге

    Денис

    В Казахстане появился новый вид мошенничества, о котором сообщают полицейские

    Денис

    Казахстан был предупрежден США и Великобританией о возможности введения вторичных санкций

    Денис

    Как в Казахстане зарабатывать на аренде квартир без регистрации индивидуального предпринимателя (ИП)

    Денис

    В США казахстанская община отпраздновала праздник Ораза айт (видео)

    Денис

    Существует угроза безопасности для автомобилей Toyota Land Cruiser и RAV4, поскольку они могут быть взломаны с использованием Nokia 3310 за 10 – 15 секунд

    Денис

    Оставить комментарий

    6 + семнадцать =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.