Воскресенье, 7 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясатПолитика

    «Қытайдан тағы қарыз аламыз» — Тоқаев

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан жеңілдетілген несие алу туралы  келісімді мақұлдады. Енді Қазақстан Қытайға 20 жыл несие төлейтін болады.

    Бұл құжатқа алғаш Бейжіңде өткен кездесу барысында  экс-президент Н.Назарбаев  қол қойған. 2018 жылдың 7-маусым күні өткен кездесуде қос тарап  сауда-саттық, инвестиция мен индустрализация, ауыл шаруашылығы мен көлік-транзиті секілді салаларды талқылаған.

    Айта кетейік, негіздемелік келісімге сәйкес, Қазақстан Қытайдан 2 млрд юань, яғни, 112,6 млрд. теңге  мөлшерінде жеңілдетілген несие алады.

    Қаржы министрлігінің мәліметіне сәйкес, несие теңгемен берілуі тиіс. Бірақ юаньмен есептеліп, 20 жылға 2% үстемемен беріледі.

    -Біз алғашқы бес жылда тек пайыздық мөлшерлемені төлейміз. Ал, қарыздың негізгі сомасын  алтыншы жылдан бастап, соңғы 20 жылға дейін өтейтін боламыз, – деді қаржы министрі.

    Еске сала кетейік, бұл қарыз ЕЭО-ның сыртқы шекарасындағы қазақстандық учаскеде өткізу пункттерінің кедендік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында алынған.

    Дереккөзі: Abai.kz

    Похожие записи

    Выбор президента Казахстана: радикальные реформы или надежды на «Новый шелковый путь»?

    Фариза

    Полиция задержала лидера Демпартии Жанболата Мамая

    Фариза

    «Худшие ожидания не оправдались». Западные аналитики назвали мягкими новые санкции США против России

    Фариза

    Оставить комментарий

    один × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.