16 C
Алматы
Суббота, 20 апреля 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Новости

    “Сөгіс алмаймын ба деп уайымдадым…” – Суреті хит болған сарбаз сол күнгі оқиғаның қалай болғанын айтып берді

    Сайлау күні бүлдіршіннің гүлін қабыл алып тұрған суреті желіні жаулап алған сарбаз эксклюзивті сұхбат берді. Жас жігіт сол күні екі жасар Айриннің гүлін қалай алғанын айтып, “желіде хит болған суретін” кімнен естігенін баяндап берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі NUR.KZ порталының дерегіне сүйеніп.

    Жас жігіт бүгінде елордадағы әскери бөлімшелердің бірінде өз борышын өтеп жатқан көрінеді.

    “Шыны керек, бала күнімнен танымал болғым келетін, бірақ дәл осылай, бір күннің ішінде, әскерде атақты боламын деп ойламаппын.

    Қазір мен елордадағы әскери бөлімшелердің бірінде өз борышымды өтеп жатырмын. Жетінші айды аяқтап қалдық.

    Сол күнгі жағдайды еске алар болсам, кішкентай Айринді көргенде, маған қарап, жымиғанда жұмысымды да, бәрін ұмыттым.

    Қыздың бетін қағып, қабылдамауға батылым бармады, бірден қолымды созып, ойланбастан қолындағы гүлін алдым. Кейін ғана не болады екен, сөгіс алмаймын ба екен деп уайымдадым”, – деп сол күнді еске алды сарбаз.

    Әскери азамат желіде өзінің танымал болғанын тек ертеңгі күні ғана біліпті.

    “Суреттің желіде танымал болғанын 10 маусым күні анаммен сөйлескенде бірақ естідім.

    Анам маған суреттің басылымда жүргенін айтты. Үйдегілер мені көріп, басында сенбеген екен.

    Алайда суреттен көріп, мені таныпты.

    Өмір бойы ата-анам менімен мақтанса екен деп армандайтынмын. Сол арманым міне орындалды, қазір Хасановтар әулеті менімен мақтанады”, – деді ол.

    Айта кетейік, 9 маусым кезектен тыс президент күні жас сарбаз екі жасар бүлдіршіннің гүлін қабыл алып, кейін аталмыш сурет желіде қызу талқыға түскен еді. Кейін суреттегі жігіттің аты-жөні Шамиль Хасанов екені белгілі болды.

    Похожие записи

    78 человек заразились коронавирусом в Казахстане за сутки

    Фариза

    Появилось видео нападения мужчины на полицейского в Петропавловске

    Фариза

    В ВОЗ заявили о более 550 случаях заражения оспой обезьян в 30 странах мира

    Фариза

    Оставить комментарий

    7 − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.