-7.1 C
Алматы
Воскресенье, 8 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Общество

    Әке-шешесінен қорлық көріп, жуынды ішкен маугли қыз адамшошырлық күйде өмір сүрген

    Мұрны сынып, аяқ саусақтары бүгілмей қалған «Маугли» қызды еріктілер өлімнен арашалап қалды. Қарағандылық ерлі-зайыпты төрт жасар бүлдіршінді күні-түні ұрып, өздерінен қалған жуындымен тамақтандырыпты.

    Өлшемі кіші аяқ киімнен саусақтары бүгіліп, мүлде жазылмай қалған. Еріктілер тағы неден шошынды? Өзгелерден анасына бермеуді өтінген қыз бала қазір қайда? Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

    «Анама барғым келмейді. Анам ашулы», — деді бала. 

    Араққа салынған анасы мен оныме бірге тұратын ер адамнан әбден қорлық көрген бүлдіршін еріктілерге дәл осылай жалынып, өзін үйге қайтармауын сұраған. Баланы басынып, бас-аяғынан сау жер қалдырмаған ерлі-зайыптылар еріктілердің «қыздарың қайда?» деген сұрағына да селқостық танытып, еш селк етпеген. Өйткені екеуі де удай мас. 

    Өз отбасы өзегінен тепкен қыз бала үйінде Маугли секілді өмір сүрген. Қатты целлофанның үстінде ұйықтап, үлкендерден қалған жуындыны жеп-ішкен. Іші лас, сасық иіс мүңкіген баспанада тұрып жатқан бүлдіршін туралы еріктілерге куәгерлердің бірі хабарлаған екен. Жеткіншекті көрген олар, баланы бірден алып кетіпті. 

    «Анасы Наташаға барып, «баланы неге ұрғансыңдар?» деп сұрағам. Ол қызда қан қысымы барын айтып ақталды. Бүлдіршіннің аяқ-киімі кіші өлшемде болғандықтан, аяқ саусақтары бүгіліп қалған. Шашынан тараған кезде басым ауырады деп жылады. Тамағы ісіп кеткен. Тілі әбден тістелген. Мұрны сынғандықтан, ұйықтағанда аузымен демалады. Біз бұл жайттардың барлығын полицияға хабарладық. Барлығы заң жүзінде іске асырылды», — деі ерікті Виктория.

    Ал тұрмысы төмен отбасының көршілері болған жайттан бейхабар. Қорлық көрген қызды да, оның анасын да көрмейміз дейді. 

    Бүлдіршін балабақшаға да бармайды. Ал ерлі-зайыптылар бұдан бұрын қылмыс жасап не жауыздық көрсету дерегімен көзге түспеген. Қарағанды қаласының білім бөліміндегілер бұл жайтты ести сала, қыз баланың отбасы мүшелерімен сөйлесіп, істің ақ-қарасын анықтап жатқанын айтты. 

    «Қазір мен жіберген арнайы маман аталған отбасының үйінде. Қыздың анасы жайтқа қатысты түсініктеме жазып берді. Ал полиция департаментіндегілер бұл отбасы мүшелерінің бұрын істі болмағанын айтты. Баланы біз Теміртау қаласының кәмелет жасына толмағандарға арналған бейімдеу орталығына жібереміз. Онда оған психологиялық көмек көрсетіледі. Ал анасына әкімшілік жаза қарастырылатын болады»,  — деді қалалық білім бөлімі қорғаншылық және қамқоршылық секторының меңгеушісі Әсем Еришова. 

    Қызына қорлық көрсеткен әйел аналық құқығынан айырыла ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз. Мамандар қазір отбасының әлеуметтік жағдайын анықтап, қыздың нақты кімнен және қашан зәбір көргенін дәлелдемек. 

    Похожие записи

    Председатель правления сети «Magnum» Азамат Османов прокомментировал опустевшие полки в некоторых магазинах в своем обращении к казахстанцам

    Фариза

    Казахстанка опасается, что Ashyq будет блокировать «красных» граждан в приложении Kaspi

    Фариза

    Женщина жестоко избивала детей, на нее завели уголовное дело 

    Фариза

    Оставить комментарий

    двенадцать + тринадцать =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.