-0.1 C
Алматы
Четверг, 7 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Культура и шоу-бизнес Общество

    «Қоғамдық көлікте тегін жүреді…» Қайрат Нұртас Шымкенттің құрметті азаматы атанды

    Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атанды.

    Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 50-сессиясында шаһардың бірнеше тұрғынына мәртебелі атақ беру туралы шешімді депутаттар бірауыздан қабылдады. «Құрметті азамат» атанғандардың арасында Рәшкүл Оспанәлиева, Қайрат Молдасейітов, Еркін Сатқанбаев, Наталья Романова, Қайрат Нұртас бар, деп хабарлады Qazweek.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

    «Мұндай статусқа ие болғандар әзірге тек қоғамдық көліктерде тегін қатынайды және арнайы аллеяда есімдері жазылған тақтайша ілінеді», — деп жазды портал.

    Айта кетейік, «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағы жылына бір рет салтанатты түрде 10 адамға тапсырылады. Мұндай атақ шаһарды дамытуға айрықша еңбегі сіңген, мемлекеттік және қоғамдық қызметте жетістігі бар, шығармашылықта, бизнесте, спортта, қайырымдылық шараларында белсенділік танытып жүрген азаматтарға беріледі.

    Похожие записи

    Алматинцев попросили 20 апреля не паниковать

    Денис

    В Таразе произошел выброс на заводе «Казфосфат». Город накрыло едким туманом

    Массовые задержания и аресты в Казахстане подрывают репутацию страны – ОБСЕ

    Оставить комментарий

    15 − три =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.