8 C
Алматы
Пятница, 26 апреля 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Происшествия

    “Баланы тептіңіз…” – тәрбиешілер психологиялық ауытқуға ұшырған балаларды ұрып-соққан (видео)

    Атырау облысы әкімдігі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қоғамның ашуын тудырған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанның дерегіне сүйеніп.

    Видеода баланың тәртіп бұзғанын көруге болады. Осы сәтте тәрбиеші баланы ұстап, оған қол көтерген. Бұл сәт видеоға жазылып қалыпты.

    “Сіз оны бетінен бірнеше рет ұрдыңыз. Баланы тептіңіз”, – дейді видеода әйел адам.

    Әлеуметтік желі қолданушысы мамандандырылған балабақшадағы тәрбиешінің ерсі әрекеті туралы тиісті мемлекеттік органға айтқан. Бұл балабақшада сөйлеу қабілеті бұзылған, психологиялық дамуында ауытқуы бар бүлдіршіндер тәрбиленеді.

    Желіде жарияланған видео атыраулықтардың ашуын тудырды. Кейін облыс әкімдігі болған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

    “Қалалық білім басқармасы тәрбиешінің ерсі әрекеті үшін сіздерден кешірім сұрайды. Сонымен қатар педагогикалық этиканы бұзып, балаға қатал қарағаны үшін №25 бұйрықпен тәрбиеші жұмыстан босатылды”, – деп жазылған Атырау облысы әкімдігінің Telegram желісінде жарияланған хабарламада.

    Ал қалалық білім басқармасы мұндай заңбұзушылықтар тіркелсе, тиісті адамдар жазасын алатынын әрі мекеме басшысы жұмыстан босатылатынын ескертті.

    Айта кетейік, осы жылдың наурыз айында Атырауда осыған ұқсас жағдай тіркелген болатын. Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған интернаттың оқушыларын тәрбиешілері ұрып, күшпен жұмыс істеуге мәжбүрлеген.

    Похожие записи

    Мать ударила ножом старшего сына, защищая младшего

    Установлена личность 11-го погибшего во время конфликта в Кордае

    В Павлодарской области горел лес

    Фариза

    Оставить комментарий

    двадцать + двадцать =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.