24.7 C
Алматы
Среда, 18 июня 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Без рубрики

    «Ринат Заитов та сол жүйеде…» — белгілі оппозиционер айтыскер ақынды сынға алды (видео)

    Мұхтар Шаханов пен Бекболат Тілеуханға үндеу жолдап, жауап алмаған Тұрғымбай Ержан өзінің Youtube арнасына қазіргі таңда «батыр» атанып жүргендер жайлы видео жүкетеді деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Qamshy.kz сайтына сілтеме жасап.

    Видеода алдымен Қазақстанда қандай оппозиция орнап тұрғаны, сайлаудан кейінгі халықтың ахуалы жайлы сөз қозғады. Содан кейін барып, болашақта қандай жағдайлар болатынын жорамалдап көрді. Оппозиционер:

    «Мен қазірден бастап сіздерге әшкере қылайын. Кімнің кім екенін біліп жүріңіздер. Мен әртіс, ақын, спортшыларды зерттеп жүрмін. Жүйенің ішінде жүргендер кім екен деп. Бекболат Тілеухан, Мұхтар Шаханов соның белсенді мүшесі. Халық түсінді оппозицияның жоқ екенін. Мен де «Ұлт тағдыры» дегендерге алданып қалдым. Менен басқалар да сол партияны, Қосановты сынға алғандар өте көп. Барлық әлеуметтік желілерді қолға алған адам да бар. Мен саяси алаңда бір жыл жүріп, Қосановтың кім екенін білемін. Басқалар ұзақ жылдар жүріп, соны көрмеген дейсіздер ме? Барлығы жүйе. Қоғамның көшбасшылары деп жүрген ақындар, батырлар, әртістер барлығы сол жерде. Ринат Заитовта сол жүйеде. Қазіргі біздің батыр деп жүрген Қанат Ислам, Генадий Головкин заманауи тілмен айтқанда «черт» деуге де болады. Ертедегі батырлар ел үшін жанын құрбан еткен. Оларда мінез болса, «халыққа қарсы жұмыс істемеймін» десе де болады. Бізді дамытатын адамдар, белсенділер. Бұрынғы қолданған жалған оппозицияның тәсілдерінен басқа, жаңа тәсілді ойлап табуымыз керек»,- дейді.

    Халықты жинап партия ашқысы келетін Ержан Тұрғымбай қазіргі таңда Италияда жүр. Ол әр эфирін сол жақтан жүргізіп отырады. Елді бірігуге шақырған оппозиционер:

    «Ұлтжандылардың басын біріктіремін»,- дейді.

    Похожие записи

    Тимур Турлов: «Деньги нужно вкладывать в ценные бумаги или открывать депозит»

    Кредит для индивидуальных предпринимателей: что о нем нужно знать, особенности получения

    Энергоэффективные решения для производственных предприятий: роль паровых и термомасляных котлов

    Кто поможет когда из жизни «уходит» близкий человек

    Элементы питания: от миниатюрных CR2032 до мощных батареек формата D — характеристики и применение

    5 ошибок при сборке рабочего ПК для дизайнера

    «Наш труд недооценивают» — преподаватель иностранных языков

    Как интеграция учебного и производственного процессов меняет высшее образование: опыт одного казахстанского вуза

    «Это не просто техника, а способ выразить свои внутренние переживания» — Арман Баймагамбаев о контемпорари фьюжн

    Упаковка опасных грузов: что следует учесть?

    Оставить комментарий

    десять − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.