5 C
Алматы
Понедельник, 4 декабря 2023
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Без рубрики

    Неке түні түсірілген видеосы таралып кеткен әйел: Өзімді ұстай алмай қаламын…

    Тәжікстанда 19 жастағы Идимо Шерованың өмірі тозаққа айналған. Оны күйеуі алғашқы неке түнінде пәк емес деп айыптап, ұрып-соғыпты. Күйеуінің сөзінше, қалыңдығы 8 жасында пәктігінен айырылғанын айтқан. Ал Идимоның өзі әлі күнге дейін пәкпін деп отыр. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтының ақпаратына сүйеніп xабарлайды.

    Идимо Шерованың айтуынша, сол түні «пәк емеспін» деп айтудан басқа амалы қалмапты. Себебі күйеуі ұрып-соғып, солай айтуға мәжбүрлеген. Бастапқыда көнбеген қыз, күйеуінен «асып өлтіремін» деген сөзді естігеннен кейін еріксіз келіскен екен. 

    «Мұнан кейін мен оның айтқанын қайталадым. 8 жасымда көрші баланың зорлағанын айтты», – дейді Шерова. 

    Жас қыздың сөзінше, сол түннен бастап өмірі тозаққа айналған. Сорақысы сол, артынша Идимоның жартылай жалаңаш күйде пәк еместігін мойындаған видеосы өңірде тарап кеткен. 

    Осыдан кейін ол аудандық сотқа жүгініп, бұрынғы күйеуінен моральдық шығын ретінде 50 мың сомони (2 млн теңгеден аса) талап етіпті. Алайда сот оның абыройы мен намысына нұқсан келмеді деген шешім шығарған. 
    Идимо тұрмысқа шығар алдында және күйеуінің айыптауынан кейін 4 рет медициналық тексеруден өткенін айтады. Даңғара, Бохтаре және Душанбе дәрігерлері оның әлі күнге дейін пәк екенін анықтапты. 

    Ал Идимоның бұрынғы күйеуі Фируз Мухаммадраджаб «әйелім пәк болмай шықты» деген пікірінен танбай отыр. Ол Идимоның пәк емес екенін айтқанын видеоға түсіріп алғанын мойындайды. Оны қалыңдығының таза еместігін дәлелдеу үшін сотқа тапсырыпты. Алайда ауылдастарға видеоны кімнің таратқанын білмеймін, дейді. 

    «Адамдардың күңкілдесіп, күліп тұрғанын көргенде өзімді ұстай алмай қаламын. Олар мені мазақ етіп жатқандай болып көрінеді… Қазір тыныс алып отырғаныммен, өмір сүріп жатқаным жоқ. Адамдардың пәк екенімді және маған жала жабылғанын білгенін қалаймын», – дейді Идимо Шерова.

    Похожие записи

    Как в Казахстане взять деньги в долг?

    Значение онлайн-казино турниров в Казахстане

    Директором представительства «АстраЗенека» в Казахстане назначена Мария Шипулева

    В Талдыкоргане задержали главу образовательного ведомства, которого обвиняют в хищении 2 миллиардов тенге

    Денис

    Житель города Кызылорда оплачивал свои покупки на автозаправочной станции с помощью распечатанных на цветном принтере тенге

    Денис

    В Казахстане появился новый вид мошенничества, о котором сообщают полицейские

    Денис

    Казахстан был предупрежден США и Великобританией о возможности введения вторичных санкций

    Денис

    Как в Казахстане зарабатывать на аренде квартир без регистрации индивидуального предпринимателя (ИП)

    Денис

    В США казахстанская община отпраздновала праздник Ораза айт (видео)

    Денис

    Существует угроза безопасности для автомобилей Toyota Land Cruiser и RAV4, поскольку они могут быть взломаны с использованием Nokia 3310 за 10 – 15 секунд

    Денис

    Оставить комментарий

    3 + три =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.