6 C
Алматы
Суббота, 25 марта 2023
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Без рубрики

    “Мені ұжымға таныстырған күн әлі есімде…” – Мұxамедиұлы ұжымымен қоштасты

    Мәдениет және спорт министрі қызметінен кеткен Арыстанбек Мұхамедиұлы өз орнына тағайындалған Ақтоты Райымқұлованы құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанның дерегіне сүйеніп Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Экс-министр фейсбуктегі жеке парақшасында бес жылдай бірге болған ұжымымен қоштасты.  

    “Достарым, бүгіннен бастап Қазақстанның мәдениет және спорт министрі қызметіне Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова келді. Министрлік жұмысының қыр-сырына қанық, менің орынбасарым болып талай жыл бірге қызмет атқарған бірегей маман, қайырымды адам ретінде білемін. Сала басшылығында бұрыннан жұмыс істеп, жақын жүрген адам қалғанына ұжым да қуанышты. Ақтоты Рахметоллақызы алға қойған мақсаттарды әдеттегідей табысты орындайды деп сенемін!”, – деген ол Ақтоты Рахметоллақызын мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалуымен шын жүректен құттықтады.

    Мұхамедиұлы мәдениет және спорт министрлігін 2014 жылдың тамызынан бастап басқарғанын айтып, қызметіндегі алғашқы күнді еске алды.

    “Мені ұжымға таныстырған күн әлі есімде, шығармашыл, ақылды, көздерінде от бар мамандар біртіндеп ашыла бастағаны да есімде. Осы жылдар ішінде министрліктің әр қызметкерімен жақын дос болып кеттік. Командамызбен бірлесе талай жұмыс атқардық. Әрқайсыңызға еңбектеріңіз үшін алғысым зор! Сіздердей адамдармен бірлесе жұмыс істеп, шамам келгенше пайдамды тигізгенім үшін тағдырыма ризамын!”, – деп алғысын білдірді бұрынғы басшы. 

    Ол Ақтоты Райымқұлованың бастамалардың бәрін жалғастыратынына, министрліктің жұмысы қарқынды және жоғары нәтижелі қалпында болатынына сенімді екенін жеткізді.

    “Шынайы көңілмен қабыл алыңыздар, достарым! Ешкіммен қоштаспаймын – сіздерге деген достық көңілде қала беремін”, – деп жазды Мұхамедиұлы. 

    Айта кетсек, Қазақстан президентінің жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды. Ол ведомствоны бес жылдай басқарған еді. Экс-министрді орынбасары Ақтоты Райымқұлова алмастырды.

    Похожие записи

    Тайник с редким оружием за 10 млн тенге обнаружили в Алматинской области

    Вниз вслед за долларом: официальный курс рубля в Казахстане продолжает падать к тенге

    Касым-Жомарт Токаев поручил отправить гуманитарную помощь в Сирию

    Землетрясения в Турции и Сирии: погибших больше 9 тысяч, надежд найти выживших все меньше

    Четыре казахстанца числятся пропавшими в пострадавших от землетрясений районах Турции

    “Диджитал Алматы или Диджитал Москва. В какой мы стране?” Парень раскритиковал форум за отсутствие спикеров на казахском языке

    Шар-шпион над США. Пентагон уверен в причастности КНР, Пекин просит подождать с выводами

    Готовность пяти областей Казахстана к паводкам оценили в правительстве

    Автобусы из Алматы в Каскелен начнут ходить с 10 февраля

    Сагинтаев оценил вероятность введения единой валюты в ЕАЭС

    Оставить комментарий

    5 × четыре =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.