-2.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Политика

    «Маған үш жыл бұрын президент боласың деп айтқан…» — Қасым-Жомарт Тоқаев

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің президент болатыны туралы үш жыл бұрын білгенін айтты деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Qamshy.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    Бұл туралы Тоқаев  Еuronews-тің «Глобальный диалог» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

    «Үш жарым жыл бұрын ол (ред. Қазақстанның алғашқы президенті Н.Назарбаев) маған «келесі президент сен боласың» деді. Уақыт өте келе біз оңтайлы сәтті таңдадық», – деді Тоқаев. 

    Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы – Нұрсұлтан Назарбаев

    Тоқаевтың айтуынша, Астана атын Нұр-Сұлтанға ауыстыру туралы шешімі – Қазақстан мемлекетінің негізін Нұрсұлтан Назарбаевтың қалағандығымен байланысты.

    «Нұрсұлтан Назарбаевқа келсек, ол – біздің мемлекетіміздің негізін қалаушы тұлға. Ол алдағы уақытта да саясатта қала береді. Онымен стратегиялық мәселелер бойынша кеңесіп отыру керек деп есептеймін және үнемі солай жасап жүрмін. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Қазақстанда екі жақты билік болмайды, ол биліктен кетеді. Бірақ президентке көмектеседі. Президентке қанша уақытқа дейін көметесетіні оның өзіне байланысты», – деді Тоқаев.

    Әділ сайлау һәм халықтың наразылығы

    Сонымен қатар Қазақстан президенті соңғы уақытта халықтың наразылық білдіріп көшеге шығуына қатысты ойын айтты.

    Тоқаевтың айтуынша, алаңға наразылығын білдіріп шыққан адамдардың талаптары тыңдалады.

    «Олар шынымен наразылықтарын білдіріп көшеге шықты. Олардың талаптарын талдау жұмыстары жүргізілуде. Негізінен наразылардың талабы әлеуметтік бағытқа байланысты. Менің міндетім – бұл талаптарды талдау. Көшеге шыққан адамдарды тыңдау керек. Мен билік пен халық арасындағы диалогты орнату қажет деп есептеймін. Осы мақсатта мен қоғамдық сенім кеңесін құрдым», – деді Тоқаев.

    Тоқаев «сайлау әділетсіз өтті» деп көшеге шыққандар босатылатын айтты. 

    «Әрине, олар босатылады, өйткені олардың ойынша сайлау әділетсіз өткен. Мен, мысалы, сайлау бастан-аяқ әділ өтті деп есептеймін», – деді Тоқаев.

    Сондай-ақ сұхбат барысында Тоқаев Қытай мен АҚШ арасындағы «сауда соғысына», Ресей мен Қазақстан арасындағы байланысқа, Қазақстандағы бірқатар мәселелерге қатысты ойын айтты.

    Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 19 наурызында президенттік өкілеттілігін тоқтататыны туралы үндеу жариялады. Содан кейін заңға сәйкес сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті лауазымын уақытша иеленді. Ол 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жетіп, ресми түрде Қазақстанның екінші президенті болды. Бірақ әлеуметтік желі де көптеген адамдар Тоқаевтың жеңісін мойындамай, сайлау әділетсіз өткенін айтты. Ел астанасы Нұр-Сұлтанда және Алматы қаласында сайлау заңсыз деп таныған мыңдаған адамдар көшеге шығып, өз наразылықтарын білдірді. Оларды полиция және арнайы жасақ ұстады.

    Похожие записи

    «Ел Арна» опубликовал расписание телеуроков для первоклассников

    Фариза

    Токаев: Люди решают вопрос с кислородом сами. Это нонсенс!

    Фариза

    Установить в Нур-Султане памятник героизму граждан при коронавирусе хочет Токаев

    Фариза

    Оставить комментарий

    4 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.