-2.2 C
Алматы
Пятница, 27 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Общество

    Сайлаудағы заң бұзушылық: Бес бюллетень бірге бүктеліп жатыр

    Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі дауыс беру жәшігінде қатарынан бес бюллетеннің бірге бүктеліп жатқанын көрді. Бұл оқиға 9 маусымда таңертеңгі сағат 7 жарым шамасында қаладағы №152-ші сайлау учаскесінде болды. Бірақ сайлау учаскесінің төрайымы Азаттық тілшісіне әуелі «бір отбасыдан салған шығар» деп айтқанмен кейін бұл оқиғаны мүлде жоққа шығарды, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосының дерегіне сүйеніп.

    Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлы Алматыдағы Алғабас ықшам ауданындағы №528 сайлау учаскесінде бір адамның екі бюллетеньді қатар салғанына куә болды.

    «Дауыс беруші азамат қызым үшін де дауыс бердім деді. Бақылаушылардың бірі растады. «Нұр Отанның» бақылаушысы көрмедім деп айтты. Сайлау учаскесінің төрайымы екі бюллетень бір-біріне жабысып қалған болар деп жауап берді» деді тілші. 

    Қазақстанда 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы басталды. Елде 9 мыңнан астам сайлау учаскелері жұмыс істеп жатыр.

    Похожие записи

    «Бил головой о капот». Девушка рассказала, как ее с подругой избили в центре Алматы

    Фариза

    Живодеры выжгли глаза собаке в Шымкенте

    Фариза

    «Все делал для людей»: избитый на субботнике активист скончался в Караганде

    Фариза

    Оставить комментарий

    три × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.