Бірнеше күн бұрын белгілі тележүргізуші Сәуле Әбілдаханқызын белгісіз біреулер соққыға жыққан болатын. Осы іске қатысты қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде өзінің пікірін білдірді, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, қазіргі қоғам еркек түгіл, әйелдерді де аямайтын болған.
«Батыр болсаң көшеге шықсай, Нұрботсың, интернетте ғана жазып неге отырсың батыр болып»- деп айтатын диванный батырлар! Көріңдер бүгінгі жүйенің еркек түгілі, әйел адамды да аямайтынын!
Кеше өзі қолдап отырған аналар, бүгін өзіне қарсы шығып отыр. Бізде азаматтық қоғам құрылмайды. Себебі бізде осындай пысықтар көп!
Сәуле ханымды шашын жұлып ұратындай оларда ана емес пе еді?
Бұл жүйе ештеңені өзінің қолымен істемейді, өзгенің қолымен істейді. Бірақ Бүгінгі Сәуле ханымның басынан өткен оқиға соның дәлелі. Заңгер ретінде баға берер болсам, Полиция қызметкерлері қылмыскерлер сияқты іс әрекет жасаған. Құзырлы орган қызметкерлері заңды өрескел бұзып қана қойған жоқ. Олар қылмыс жасауға мүмкіндік берді. Осыдан кейін көшеге шықсай деп ешкім айтпай ақ қойсыншы!
Әйелдердің етегіне тығылуды доғарыңдар!
Еркектер ез болып, әйелдерді батыр қылып телефонның ар жағында «ойбу байқұс ай»- деп өтірік билікті жамандап, жан ашыған сыңай танытып отыратындарға тойғам. Сәуле ханымда бүгінгі оқиғадан кейін көзі жеткен шығар. Өткенде ғана осы саған ақ полиция қызметкерлері келгіш екен деп отырған еді. Міне бүгін өзінің көзі жеткен болар! Басыңа іс түскен кезде қасыңнан ешкімді таба алмай қаласың! Тіпті қолдап жүрген адамың, өзіңді ұрып соғып шашыңды жұлып кетуі әбден мүмкін!» — деп жазады Айгүл Орынбек.