22 C
Алматы
Суббота, 20 апреля 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Культура и шоу-бизнес

    “Халықты алдамай бәрін айту керек…” – Сиви

    Сиви Махмұди Жанар Хамитовамен алдағы уақытта қош айтысатын секілді. Айтуынша, Жанардың кей мінезінен шыдау мүмкін емес. Әнші Жанар екеуінің қарым-қатынасы жайлы ашық айтты, деп хабарлайды “Время” газетіне сілтей отыра Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Бұған дейін өнерге қайта оралған Жанар Хамитоваға әнші Сиви қолдау білдіріп, бірлесіп жұмыс істей бастаған болатын. Алайда көп уақыт өтпестен Сиви бұл ойынан айныған секілді. 

    “Халықты алдамай бәрін айту керек. Ертең мен Жанарды орта жолда тастап кетті деп сөкпесін. Жанар екеуміз бірге тұра алмайтын секілдіміз. Ол ұйықтар алдында ғана маған ризашылығын айтып отырады да, таңертең ол ойынан айнып сала береді. Ән айтқысы келмейтінін айтады. Шығармашылықпен айналысқым келмейді деп жылайды. Әртүрлі көңіл-күйде жүреді. Концерт алдында да бәрінен бас тарта салуы мүмкін. Бұған Ақтөбе облысында бір ай концерт берген уақытта көзім жетті. Желі қолданушыларының пікірін оқып жылайды. Оны сабырлыққа шақыруға тура келеді. Мен көп нәрседен бас тартпай, соңына дейін баратын адаммын. Бірақ бұл жолы келісім жасаспай тұрып, одан бас тартамын деген шешімге келдім”, – дейді Сиви. 

    Сиви Жанардың бұндай көңіл-күйін жақсы түсінетінін айтады. Жанардың отбасылық жағдайы, ата-анасымен қиын байланысы, балаларынан ажырағаны, қиын балалық шағы бәрі оның психологиялық тұрғыда соққы болған дейді.

    “Жанар екеуміз ұрыспаймыз. Ара қатынасымыз жақсы. Тек ол шығармашылыққа, нақты бір жұмысқа кірісуге дайын емес секілді. Қазақстанда тұрғысы келмейді. Ол басқа продюсер тапқанша не тұрмысқа шығып, не отбасына қайта қосылғанша күзгей дейін жұмыс істейміз. Әрі қарайғы тағдырын өзі шешеді”, – дейді Сиви.  

    Жанардың өзі де Қазақстанда қалғысы келмейтін көрінеді. Әншінің айтуынша, ол сіңлісі тұрып жатқан Лос-Анжелеске кетуді жоспарлап жүр. 

    Похожие записи

    Полмиллиарда тенге потратят на перевод мультфильмов на казахский язык

    Фариза

    Пранк над медиками в Алматы: полиция проверяет действия вайнера

    Фариза

    Незнание казахского языка может стать причиной отказа в предоставлении гражданства

    Оставить комментарий

    один × три =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.