Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Общество Политика

    Алик Шпекбаев жемқорлар жымқырған 40 млрд теңгені көпбалалы отбасыларға беруді ұсынды

    Соңғы 3 жыл ішінде жемқорлыққа бола қазақстандықтардың қанша ақшадан айырылғаны белгілі болды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «Казахстанская правда» газетіне берген мақаласында жазды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтының ақпаратына сүйеніп.

    «Әлеуметтік саладағы көптеген мәселені жемқорлардан тәркіленген қаржы есебінен шешуге болатын еді. Соңғы үш жылдың өзінде ғана жемқорлардан келіп түскен залал 40 миллиард теңгені құрады. Егер жемқорлардан алынған ақшаны көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қорғауға, ауыр дертке шалдыққан балаларды емдеуге жұмсайтын болсақ, халық күрестің қалай жүргізіліп жатқанын көретін еді», — деді Алик Шпекбаев. 

    Әрі қарай Шпекбаев ведомствоның мемлекеттік қызметкерлерді адалдыққа тексеру — Integrity check «тәртібін» енгізуді ұсынғанын айтты. 

    «Бірінші сатыда құқық қорғау мен бақылау-тексеру органдарына енгізуді негізгі ала отырып бұл норманы заңмен бекітуді ұсынып отырмыз», — деді агенттік төрағасы. 

    Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлармен күрес әкімдердің басты міндеттерінің бірі болатынын атап өткен-ді. Сондай-ақ, президент қоластындағы пара алған қызметкер үшін басшысының отставкаға кететінін айтты. 

    Похожие записи

    На казахстанского боксера напали в Англии и облили кислотой

    Фариза

    Педофил более полугода насиловал падчерицу в Караганде

    Фариза

    «Мне было очень больно…» Пожилой мужчина изнасиловал 12-летнюю девочку

    Оставить комментарий

    14 − семь =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.