18 C
Алматы
Четверг, 25 апреля 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • История

    ШҚО-да WorldSkills Shygys – 2019 IV аймақтық чемпионатының жабылу салтанаты өтті

    Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасының ұйымдастыруымен WorldSkills Shygys – 2019 IV аймақтық чемпионатының жабылу салтанаты өтті.
    Кәсіби шеберлік бойынша жарыстар облыстың барлық жерінен 270-ке жуық жас маманды жинады.
    Саны бойынша ең көп медальдар жеңіп алған Семей қаласының Бизнес және сервис колледжінің командасында 8 алтын, 3 күміс, 7 қола медаль, алайда 8 алтын және 4 күміс медаль иеленген Семей қаласының Электротехникалық колледжінің командасы жалпыкомандалық бірінші орынды жеңіп алды. Үшінші орын – Семей қ. Радиотехника және байланыс колледжінде (4 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль).
    Чемпионат 43 құзыреттілік бойынша өткізілді: «WEB дизайн», «Желілік және жүйелік әкімшілік», «Ақпараттық кабельдік желілер», «Бизнеске арналған IT- шешімдер», «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару», «Ғаламтор заттары», «Кузовты жөндеу», «Жеңіл көліктерді жөндеу және қызмет көрсету», «Дизельді қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу», «CAD инженерлік графикасы», «Мобильді робототехника», «Прототиптеу», «Мехатроника», «Сандық бағдарламамен басқаратын станоктарда токарьлық жұмыс», «Өндірістік автоматика», «Дәнекерлеу технологиясы», «Химиялық талдау зертханасының технигі», «Электроника», «Ағаш ісі», «Жиһаз өндірісі» «Сырлау және сәндік жұмыстар», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Кірпіш қалау», «Сантехника және жылыту», «Плиткамен қаптау», «Электромонтаждау жұмыстары», «Қонақ үй әкімшілігі», «Шаштараз өнері», «Мейрамханалық сервис», «Кондитер ісі», «Аспаздық іс», «Наубайхана ісі», «Қолданбалы эстетика», «Сән технологиясы», «Графикалық дизайн», «Флористика», «Визуальды мерчендайзинг және витринистика» , «Мектепке дейінгі тәрбие», «Бастауыш білім», «Дене шынықтыру, спорт және фитнес», «Медициналық және әлеуметтік күтім», «Ауыл шаруашылығы машиналарының слесарь жөндеушісі», «Ветеринария».
    Сонымен қатар, төртінші чемпионат аясында алғаш рет Abilympics мүмкіндігі шектеулі оқушылар арасында кәсіби шеберлік бойынша жарыстар өтті, онда облыс колледждерінің 14 студенті «Шаштараз ісі», «Ақпараттық технологиялар» және «Сән технологиясы» құзыреттіліктері бойынша өз шеберліктерін көрсетті.
    Байқаудың ұйымдастырушылары мен демеушілері 1,2,3-орынға ие болған барлық жеңімпаздарды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
    Қатысушылар теорияда және практикада алған барлық білімдерін қолданып, WorldSkills қабылдаған стандарттар бойынша жасалған тапсырмаларды сапалы және жылдам орындады.
    «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Shygys-2019 чемпионат жеңімпаздарының бірі, Электротеxникалық колледжінің студенті Такеев Азамат өзінің ойымен бөлісті: «Осындай ауқымды чемпионатқа алғаш рет қатысып, бағалы тәжірибе жинадым. Чемпионат көптеген қызықты тапсырмаларға толы, әрбір күн мазмұнды болды. Әрбір модульді сәтті өту үшін бізге өз дағдыларымызды үнемі жетілдіруге тура келді. Бірде-бір жаттығу осындай ірі жарысқа қатысу тәжірибесін алмастырмайды. Жарысқа қатысушылардың қызығушылығын роботты құрастыру техникасы мен оны бағдарламалаудан басқа, тапсырмаларға енгізілетін өзгерістерге бейімделе білу қажеттілігі одан сайын арттыра түсті. Мен WorldSkills Shygys-2019 аймақтық чемпионатына қатысып, жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Бұл тәжірибе мен үшін болашақта үлкен мүмкіндіктер беретініне сенімдімін» – деді.
    “Электромонтаждау жұмыстары” құзіреті бойынша «Казцинк» компаниясынан тәуелсіз сарапшы Әли Мударов: «Мен чемпионат жұмысын ұйымдастыруына, жұмыс алаңдарының дайындығына, барлық қажетті құралдардың болуына өте ризамын. Қатысушылардың дайындық деңгейінің өсуін атап өткен жөн. Әрбір чемпионатқа шын ықыласыммен қатысамын және биылғы жылы жоғары деңгейде өтті деп айта аламын», – деп атап өтті. 
    Чемпионат жұмыс берушілердің белсенді қатысуымен өткізілді, олар тек жүлде қорларымен ғана емес, сонымен қатар жұмысқа орналасуға да сертификаттар табыстады.
    «VK Lab Service»ЖШС директоры Зазира Рембекова: «Мен бүгін чемпионат алаңында жұмыс нәтижелері жақсы әсер қалдырған 4 баланы өз ұйымыма жұмысқа қуана шақырамын. Қазіргі таңда мен оларды жұмысқа қабылдауға дайынмын, өйткені мықты білім мен сапалы дайындық деңгейін көріп отырмын»,-деді.
    Үш күн бойы чемпионатқа қатысушылар Өскемен қаласының колледж, жоғары оқу орындары және кәсіпорындары базасында өз дағдыларын көрсетті.
    Жеңімпаздар осы жылдың қазан айында еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін WorldSkills ұлттық чемпионатына жолдама алды. 
    Барлық шығысқазақстандықтар чемпиондарға үлкен үміт артып, жеңімпаздар қатарынан көрінуін тілейді.

    Похожие записи

    Коронавирус: Испания принимает первых туристов, гигантские очереди у магазинов в Англии

    “Скончался один человек” Взрыв в цехе в Алматинской области: выяснились новые подробности (фото)

    Фариза

    “Бесследно исчез” Пропавшего в ВКО малыша до сих пор не нашли (фото, видео)

    Оставить комментарий

    5 − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.