14 C
Алматы
Вторник, 14 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Аймақтар

    Шымкент: «Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылмақ

    Фариза
    Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегібасқармасының басшысы Жанар Бектаева және «Еркін ой» газетінің бас редакторы Балтабек Түйетаевтың қатысуымен«Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасы бойынша брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Жанар Әлібекқызы, ең алдымен, «Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасының мақсатыжайында жан-жақты жеткізді. – Бұл жобаның мақсаты жастарды зияткерлік спорт түрінебаулуға бағытталған. Яғни, шахмат, тоғызқұмалақ жәнедойбы ойындары арқылы жастардың ойлау қабілетінарттырып, саналы ұрпақ қалыптастыру. Ғылымда: «Адам ойлау жүйесінің 30-ақ пайызын қолданады. Ал қалғаныжұмыс істету арқылы дамиды» деген қағида бар. Солсебепті жас буынның дұрыс ойлауын дамытуымыз керек. Мәселен, бүгінде жасөспірім жеңіл ойындарға, жеңіскежетуге құмар. Ал шахмат ойынының басты қағидасы – жеңіс емес, сол жеңіске қалай жету. Яғни, әр түрлі әдісқолданып, стратегиялық қабілетін шыңдайды. Жастардыңбойына жетпей жатқан осы бір қасиетті дамыту мақсатындабұл жобаны қолға алдық, – деді басқарма басшысы. Брифинг барысында аталған жобаның жанашыры әрі жүзегеасырушысы Балтабек Түйетаев байқау жайында сөзқозғады. – Бұл жоба аясында «Ойлы болсаң, озып көр!» байқауыөтеді. Ол 15 қазан күні басталып, жыл соңына дейінжалғасады. Жалпы жүлде қоры – 2,5 млн теңге. Сайыс жасерекшеліктерге бөлінген. Олар – оқушылар, ересектер жәнеардагерлер. Бұл интеллектуалды ойындар ақыл-ой тәрбиесіне, жеке адамды қалыптастыруға ерекше ықпалетеді. Атап айтсам, қазақ топырағындағы ұлы тұлғаларА.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Дулатұлы, Ш.Қалдаяқовжәне Ғ.Мүсірепов зияткерлік өнерімен дараланған, – дедіБалтабек Исақұлы. Айта кетейік, байқауда кәсіби мамандар төрешілік етеді. Г. ҚАПАЛ...
    Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Жолақы: картамен – 70 теңге, әйтпесе 100 теңге…

    Фариза
    Шымкентте 15 қазаннан бастап қоғамдық көліктердеэлектронды төлем жүйесі енгізіледі. Бұл туралы қалаәкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді. Айтуынша, бұл жүйенің енгізілуі осы тасымал саласындағы көлеңкелібизнесті жоюға сеп болады екен. – Қалада қоғамдық көліктерде электронды төлем жүйесіненгізу 15 қазанда іске қосылады. Бұл жүйеге 1 қарашадатолық көшеді. Жолаушылар сол уақытқа дейін қолма-қолжәне төлем карталарын қолданып, жолақысын төлейді. Ал 1 қарашадан бастап дифференциалды тариф енгізілмек. Бұлдегеніміз – карта арқылы төлейтіндер 70 теңге төлесе, қолма-қол ақшамен төлейтіндер 100 тг төлейді. Бүгінгітаңда 350-ге жуық автобусқа стационарлы құрылғықойылды. Алдағы уақытта бұл жүйемен 700 қоғамдықкөлікте жолақы үшін есеп айырысуға болады. Осылайша, әрбағыттың тиімділігін анықтап, тасымалдаушылардыңкөлеңкелі бизнесін тоқтатуға мүмкіндік аламыз,-дейді қалаәкімінің орынбасары. Электронды төлем жүйесін енгізуді «QazSmartTrans» компаниясы жүзеге асырып отыр. Әкім орынбасарыныңсөзінше, бұл жобаға мемлекет қаржысы жұмсалмайды. Аталған компания төлем карточкаларының бірнеше түріншығарыпты. Біріншісі – стандартты. Бұл карталарды кез-келген жолаушыпайдалана алады. Екінші түрі – оқушыларға, үшіншісі – студенттерге арналады. Төртінші карта – әлеуметтікжеңілдік картасы болады. Оны автобустарда тегін жүретінсанаттағы азаматтар пайдаланады. Ұлы Отан соғысыардагерлеріне, Алтын алқа, Күміс алқа иелеріне, зағип жандар тегін жүреді. Жеңілдіккартасын алу үшін сол санатқа жататын адамдар Халыққақызмет көрсету орталықтарына барып тіркелуі қажет. Оларбұл картаны тегін алады. Мұндай жеңілдік қаралмаса да электронды төлемде түрлі құйтырқылық жасайтындар 2 АЕК көлемінде айыппұл төлейді екен. – Құны 500 теңге тұратын төлем карталарыныңжолаушылар үшін тиімділігі мол. Автобуспен ұдайықатынайтындар үшін түрлі жеңілдіктер бар. Мәселен, бірсағат ішінде екі автобусқа отыратын болсаңыз, бір автобустажүру тегін түседі. Карточкада ақшаңыз таусылып қалса да алаңдамайсыз. Себебі, электронды төлем жасаудың бірнешежолы қарастырылған. Банк қосымшалары арқылы жәнеQiwi кошелекпен картадағы ақшаны толтыруға болады. QR код арқылы төлем жасау мүмкіндігі де қаралған,- дейді«QazSmartTrans» ЖШС директоры Сержан Ақылбаев. Айта кетейік, төлем карталары қаладағы 3000-нан астамдүкенге таратылады. Электронды төлем жүйесіне қатыстыбарлық қосалқы ақпаратты Open Shymkent мобильдіқосымшасынан білесіз. Альтернативті жүйенің тиімділігі оқушылардың қайбағытта, қандай көлікпен кетіп бара жатқанын ата-анасыбақылап отыра алады екен. Жобаны жүзеге асырушы «QazSmartTrans» ЖШС бұлжобаны іске асыруға 1 млрд теңге жұмсаған. Сөздерінше, қайтарымы бүгін-ертең болатын жоба емес. Кемі 5-6 жылдаөзін-өзі ақтап, табыс әкеле бастайды. Десе де демеушілер«бастысы қаражат емес, көрсеткіш» деп отыр. Бүгінгі танда, жүйені енгізу үшін көлік компанияларыменшарт жасалды. Автобустарға валидаторларды орнатужұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, смартфон пайдаланушыларына арналған «Open Shymkent» мобильдікқосымша әзірленді. Тұрғындарға тиісті мәліметті беру үшін4...
    Аймақтар

    Шымкентте көлік кептелісін болдырмау мақсатында бірнеше жоба әзірленген

    Фариза
    Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтыңқатысуымен қаладағы жол мәселесі бойынша брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Мақсұт Пернебайұлы қаладағымагистралды көшелердің мәселесіне тоқталды. – Қаладағы магистралды Бәйдібек би, Республика, Тәукехан даңғылдары, Темірлан тас жолы мен Т.Рысқұлов жәнеЖібек жолы көшелерінің көлік ағыны жобалық өткізуқабілетінен 2 есеге асуда. Сол себепті көлік кептелістері жиіболуда. Осыған орай көлік ағынын оңтайландырумақсатында бірнеше жоба дайындалды. Ал бүгіндеқұрылысы жүріп жатқан магистралды көшелердің 85 пайызы аяқталып отыр. Одан бөлек, жаяу жүргіншілержолын екі-үш адам қатар жүре алатындай етіп істепжатырмыз, – деді қала әкімінің орынбасары. Мақсұт Пернебайұлының сөзіне сүйенсек, Бәйдібек бидаңғылындағы көлік ағынын оңтайландыру барысындаТ.Өтегенов көшесін «Шымкент Сити» қалашығына дейінжалғастыру жобасы әзірленген. Көшенің ұзындығы – 2,3 шақырым, іске асыру мерзімі – 2021-2022 ж.ж. Көлікағынын реттеу кезінде С.Бәйтереков көшесін Тұраншағынауданындағы магистралды көшелеріне (Қайтпас-1 ш/а, Алтынсарин көшесін кеңейту) қоспақ. Көшеніңұзындығы – 2,1 шақырым. Сондай-ақ, Асаршағынауданындағы атауы жоқ көшені «Шымкент Сити» қалашығының орталық көшесіне қосу жоспары бар. Көшенің ұзындығы 1,3 шақырымды құрайды. Ал Жібекжолы және Ж.Адырбеков көшелеріндегі көлік ағыныноңтайландыру үшін С.Жандосов көшесін Ә.Сасбұқаевкөшесінен Ж.Адырбеков көшесіне дейін жалғастырмақ. Көшенің ұзындығы 350 метрді құрап отыр. Сонымен қатар, Республика даңғылындағы көлік ағыныноңтайландыру кезінде Д.Қонаев даңғылы жалғасыныңжобасын А-2 автомобиль жолына дейін қосылады. Көшеніңұзындығы – 1,6 шақырым. Одан бөлек, Абай даңғылынН.Исмаилов көшесінен А-2 автомобиль жолына дейінжалғасады. Көшенің ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Бұл жолдың жобасы магистралды теміржол және «Бадам» өзенін қиып өтеді. Ал Темірлан тас жолының көлік ағыныноңтайландыру үшін Әл-Фараби көшесін А-2 автомобиль жолынан М-32 автомобиль жолындағы «Бадам» жолайырығына дейін жалғастырылады. Көшенің ұзындығы 7,3 шақырымды құрап, бүгінде аталған жол құрылысының80%-ы атқарылған. Айта кетейік, брифингте М.Исахов қаладағы жүргізіліпжатқан көпір құрылыстарына да тоқталып, жұмыс барысынБАҚ өкілдеріне жан-жақты жеткізді. Г....
    Аймақтар

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМДА ШЫМКЕНТТІК ЖАС ЭКОЛОГ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛДЫ

    Фариза
    Нұр-Сұлтан қаласында «Табиғатты аяла» жасөлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы онлайн-форматта  өтті. Білімалушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениеттілік пен  сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған форумға  Шымкент қаласы атынан қалалық кезеңде жеңімпаз болған 6 оқушы қатысты. Бұл туралы қалалық білім басқармасының мамандарымәлімдеді....
    Аймақтар

    Қазалыда 600 орындық Мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын

    Фариза
    Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде 600 орындық мәдениет үйінің құрылысы салынуда. Нысанның ірге тасы қаланып, кірпіш қалау жұмыстары жүргізіліп, төбе шатыры жабылып, нысанның терезелері салынды....
    Аймақтар

    Жаңақорған аудандық ауруханасы жаңа аппаратпен толықты

    Фариза
    Жаңақорған аудандық ауруханасы тағы бір аппаратпен толықты. «КазГерМұнай» ЖШС БК компаниясының бас директоры Мұрат Мұстафаев аудандық ауруханаға Италияда жасалған 13 млн 925 мың теңге тұратын...
    Аймақтар

    Қызылордада жастарды қолдауға арналған жол карта әзірленді

    Фариза
    Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында «SYR JASTARY-2025!» жол картасы әзірленді. Құжат 5 бағыт, 21 индикатордан тұрады. Жол картаға жастардың белсенділігін арттыру, сапалы...
    Аймақтар

    Қызылорда: Жаңақорғанда 2291 бас жылқы төліне чип салынған

    Фариза
    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына сай ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Жылқы малын...
    Аймақтар

    Қызылорда облысында күн электр станциясы толық қуатына көшті

    Фариза
    Қызылорда облысындағы күн электр станциясы толық өндірістік қуатына көшті. Жылдың басында пайдалануға берілген нысан сағатына 28 мегаВатт энергия өндіріп, республикалық желіге жіберіп отыр. Жалағаш ауданындағы...
    Аймақтар

    Қашықтан оқыту: Қызылорда облысына 5 мың электронды құрылғы жеткізілді

    Фариза
    Қашықтан оқытуға қажет электронды құрылғылар үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, Қызылорда облысына 22 мың компьютерлік техника алынады. Қыркүйек айының алғашқы аптасында 1500 дана компьютерлік құрылғы...