15 C
Алматы
Сенбі, 11 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМДА ШЫМКЕНТТІК ЖАС ЭКОЛОГ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛДЫ

    Нұр-Сұлтан қаласында «Табиғатты аяла» жасөлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы онлайн-форматта  өтті. Білімалушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениеттілік пен  сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған форумға  Шымкент қаласы атынан қалалық кезеңде жеңімпаз болған 6 оқушы қатысты. Бұл туралы қалалық білім басқармасының мамандарымәлімдеді.

    Жыл сайын республика көлемінде өткізілетін форум 6 номинация бойынша ұйымдастырылды. Олар: виртуалдысаяхат бойынша «Туған өлке тарихы» номинациясы, зерттеужобалары – «Жасыл экономика» номинациясы мен «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы, видеороликтер презентациясы  бойынша «Экоболашақ» номинациясы, экодизайнерлер бойынша «Жасыл оазистер» номинациясы мен «Жеңіс мамыры» – панно немесе коллаж байқауы.

    «Табиғатты аяла» форумның республикалық кезеңінің қорытындысының нәтижесінде №1 мамандандырылған IT лицей-интернатының оқушысы Әсеретбек Нұрасыл Нұрланұлы «Жасыл оазистер» номинациясы бойынша І-орынды иеленіп, ҚР БҒМ Республикалық қосымша білімберу оқу-әдістемелік орталығының I-дәрежелі дипломымен және бағалы сыйлығымен марапатталды. 

    Ал «Экоболашақ» номинациясы бойынша №89 IT мектеп-лицейінің оқушысы Борашева Сара Асанқызы ынталандырусыйлығын алды.

    Сонымен қатар, Шымкент қаласынан қатысқан топтың жетекшісі «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ әдіскері Алагозова Салтанат ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының алғыс хатымен марапатталды.  

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: Қала әкімі жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

    Фариза

    Семейде саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етілді

    Волейболдан облыс әкімінің кубогы үшін турнир басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.