10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Семейде саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етілді

    Семейде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай көрнекті ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың мемориалды кешеніне және Қазақ қоғам қайраткері, “Алаш” қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейханның ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Даңқты жерлестерімізді еске алуға зиялы қауым өкілдері , қоғам белсенділері мен жастар қатысты. Оқу орындарының студенттері саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады.

    – Біз егемендік үшін жандарын пида еткен бабалар рухына тағзым жасау үшін арнайы жиналып отырмыз. Қылышынан қан тамған кеңестік империя тұсында талай боздақтарымыз көз жұмды. Әлихан бастаған қазақтың серкелері елдік үшін жандарын шүберекке түйіп осы жарқын күнімізді көкседі. Біз бүгінгі ұрпақ бақыттымыз!,-деді қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев.

    Ресми бөлімнен кейін, жиналған қауым драма театрына барып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған “Ахметтің аманаты” қойылымын тамашалады.

    қатысты посттар

    Отбасын сақтау – елдіктің белгісі

    Той жасауға рұқсат беріле ме?

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: БЕЙБІТ АТАМҚҰЛОВ ЖАҢА ЖОЛАУШЫЛАР ТЕРМИНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.